Ақтөбеде алаяқтардың жолы болып тұр. Құқық қорғау органдары тарапынан қаншама қарекет жасалғанымен де алаяқтар алдағандар қатары көбейіп кетті. Облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің өзі де мойындағандай, алаяқтардың, соңғы кездері бағы жанған сыңайлы.
Мысалы, үстіміздегі жылғы 27 наурызда кезекші бөлімге бірден үш зардап шегушіден алаяқтың құрығына іліккені туралы хабар түскен. Үш зардап шегуші де Мәртөк селосының тұрғындары. Олардың сеніміне кірген бейтаныс әйел «Қазавтожол» ЖШС-іне жұмысқа орналастырамын деп алдап, жалпы сомасы 102 500 теңгені үптеп кеткен. Үш дерек бойынша да Ақтөбе қаласының 27 жасар тұрғыны күдікті болып отыр.
Тап сол күні 19 сағат 25 минутта кезекші бөлімге Ембі қаласының 26 жасар тұрғыны түскі сағат 13.00 сағатта белгісіз біреудің телефон шалып, оның автомобиль ұтқанын, сыйлықты алу үшін 5 мың бірлік салу қажеттігін хабарлағанын, өзінің терминал арқылы көрсетілген бірлікті аударғанын жеткізеді. Оңай олжа табамын деп алданып қалғанын кеш түсінген. Сол күні қаланың 33 жастағы тұрғынынан да шағым түскен. Сөйтсе, одан бұрын онша жақсы таныс емес жігіт 2012 жылы Кірпішті ауданынан жер телімін алып беремін деп алдап, 2 мың АҚШ долларын алған.
Бұдан бір күн бұрын кезекші бөлімге 47 жастағы әйел адам жолыққан. Қала тұрғыны 2013 жылы мамыр айында өзіне онша таныс емес 55 жастағы әйел адамның «Тойота Каролла» автомашинасын сатып алып беремін деп алдап, 1210 мың теңгесін қағып кеткен.
Адалдықтың ауылынан алшақтаған алаяқтар тым әккіленіп алғаны соншалық, алдап-арбаудың түрлі-түрлі тәсілдерін шебер пайдаланады. Адамдардың сеніміне тез кіруге дағдыланған. Әрине, бұған өзіміз де кінәліміз. Қазір олардың алдауына көзі ашық жастардың да өзі арбалып қалуда. «Бұл не деген батпан құйрық, айдалада жатқан құйрық» деп бас қатырып жатпаймыз.
Сатыбалды СӘУІРБАЙ,
«Егемен Қазақстан».
Ақтөбе облысы.

Астанада көпқабатты үйдің терезесінен құлаған бала қаза тапты
Оқиға • Бүгін, 19:56
Қазақстан Моңғолияны бидаймен қамтамасыз етеді
Қазақстан • Бүгін, 19:30
Дубайда өмірлік жазаға тағайындалған отандасымыз апелляциялық шағым түсірді
Оқиға • Бүгін, 19:00
Ақтаудағы сауда орталығында бомба қойылғаны рас па?
Аймақтар • Бүгін, 18:25
Мемлекет басшысы бірқатар маңызды заңдарға қол қойды
Президент • Бүгін, 18:05
Егеуқұйрық уы бар балалар тағамы: Қазақстанның сауда нүктелері тексерілді
Қоғам • Бүгін, 17:57
Кеншілерге өмір бойы берілетін регрестік төлемдер: Министрлік аралас модельді ұсынды
Қоғам • Бүгін, 17:46
Әкімдіктер тоқсан сайын тексереді: 12 шілдеден бастап пәтер жалдау ережесі өзгереді
Қоғам • Бүгін, 17:36
Imam AI: Енді жасанды интеллект діни сұрақтарға жауап береді
Жасанды интеллект • Бүгін, 17:05
Тоқаев Моңғолия Президенті Ухнаагийн Хурэлсухты «Алтын Қыран» орденімен марапаттады
Президент • Бүгін, 16:44
Моңғолияға көлікпен бару мүмкін болмақ: Президенттер төте жол салуға уағдаласты
Президент • Бүгін, 16:38
Қазақстан Моңғолияға ғарыштан бақылау жүйесін құруға көмектеседі
Президент • Бүгін, 16:29
Мұғалімдерге ерекше балалармен жұмыс істеуді үйрететін арнайы курстар енгізілмек
Қоғам • Бүгін, 16:20
Астанада тәулігіне 1,5 мың тонна қалдық өңдейтін экопарк бой көтереді
Экология • Бүгін, 16:08