16 Сәуір, 2014

Имандылар да қателеседі екен...

355 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
«Ет сасыса, тұз себеді». Ал тұз сасыса, не себеді?... Қазталов ауылының аузында иманы, қой­нында құраны бар Б. деген азаматы жастарға ақыл айтып, дұрыс жолға салудың орнына өзі аяғын мүлт басты. Қалай болды? Ширек ғасыр отасқан жұ­­­­байын сабап, екі тәу­ліктік қамауға алынды. Оны­мен қоймай құқық қорғау ор­ган­дарының қызметкерлері оның үйінен ешқайда тір­­­­кел­­­­меген, заңсыз сақталған тапаншаны тәркіледі. Суық қарудың қалай сақталып келгені жөнінде тиісті орындар тергеу амалдарын жүргізуде. Темір ҚҰСАЙЫН, «Егемен Қазақстан». Батыс Қазақстан облысы, Қазталов ауданы.