Хоккей • 13 Мамыр, 2022

Бүгін шайбалы хоккейден әлем чемпионаты басталады

429 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін шайбалы хоккейден әлем чемпионаты басталады, деп хабарлайды Egemen.kz

Бүгін шайбалы хоккейден әлем чемпионаты басталады

Биыл топ-дивизионда Қазақстан құрамасы да сынға түседі.

Әлем чемпионаты 13-29 мамыр аралығында Финляндияның Хельсинки және Тампере қалаларында өткізіледі.

Қазақстан құрамасы А тобында сынға түседі. Қарсыластары - Канада, Словакия, Германия, Дания, Швейцария, Италия және Франция. Ал В тобында Финляндия, АҚШ, Чехия, Швеция, Латвия, Норвегия, Ұлыбритания және Австрия шеберлік байқасады.

Еске сала кетейік, биыл жаһандық дода 85 мәрте жалауын көтереді. Әлем чемпионатындағы алғашқы ойында Германия мен Словакия құрамалары арасында өтеді.

Дүбірлі додада Қазақстан құрамасы алғашқы ойынын Данияға қарсы өткізеді. Қазақстандық хоккейшілердің бүкіл ойынын Qazsport телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.

Аяна Тоғанбек