Қазақстан • 13 Мамыр, 2022

Қазақстаннан Ереванға жаңа әуе рейсі ашылады

263 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2 маусымнан бастап Алматы-Ереван бағыты бойынша жаңа әуе рейстері басталады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстаннан Ереванға жаңа әуе рейсі ашылады

FlyArystan әуе компаниясының мәліметінше, бару және қайту рейстері тағайындалған күннен бастап дүйсенбі және бейсенбі күндері Airbus A320 борттарында орындалады.

Әуе билеттерінің бағасы 28 700 теңгеден басталады.

Қазір Ақтау-Ереван бағыты бойынша SCAT әуе компаниясы аптасына екі рет рейстерді жүзеге асырады. Армениядағы қолданыстағы санитарлық ережелерге сәйкес, елге кіру үшін туристерге ПТР-тестін немесе вакциналау паспортын ұсынудың қажеті жоқ.

Аяна Тоғанбек