Спорт • 13 Мамыр, 2022

Әйелдер күресінен Қазақстан құрамасы екі алтын иеленді

377 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстандық бұрымды балуандар Болгарияда өткен халықаралық турнирді сәтті бастады, деп хабарлайды Egemen.kz Olympic.kz-ке сілтеме жасап.

Әйелдер күресінен Қазақстан құрамасы екі алтын иеленді

Болгарияда әйелдер күресінен «Петро Сираков және Иван Илиева» атындағы халықаралық турнирі басталды. 23 жасқа дейінгі балуандар арасында өткен халықаралық бәсекеде Қазақстан құрамасы бес медаль жеңіп алды. 

Алғашқы жарыс күнінде жеңіс тұғырынан көрінген қазақстандық спортшылар тізімі келесідей: 

Алтын - Диана Каюмова (59 келі)

Алтын - Гүлсеназ Бухаева (65 келі)

Күміс - Лаура Алмағанбетова (55 келі)

Қола - Ағайша Ибрашева (59 келі)

Қола - М. Иманбекова (68 келі)