16 Сәуір, 2014

Нақты көмек үшін ризашылық

311 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Мемлекет басшысының атына Алматы облысының шағын және орта бизнес өкілдерінен хаттар мен жеделхаттар келіп түсті, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. Өз хаттарында кәсіпкерлер Мемлекет басшысына «Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызмет үшін жағдайды жақсарту жөніндегі түбегейлі шаралар туралы» Жарлыққа қол қойғаны, оған сәйкес 2014 жылғы 2 сәуірден 2015 жылғы 1 қаңтарға дейін шағын және орта бизнес субъектілеріне тек­серіс жүргізуге мораторий жа­рия­ланғаны үшін алғыстарын біл­дірген. Кәсіпкерлер палатасының Сар­қанд ауданы бойынша филиалының директоры Ф.Абдрахимов жоспарлы тексеріс тәжірибесі алынып тасталғаны және бизнесті жүр­гі­зуге жасалған нақты көмек үшін ри­зашылығын білдіреді. Кәсіпкер С.Махаметова бизнес­ке көрсетілген қамқорлық үшін алғыс айтады. «Бұл – бар күш-жігеріңді то­лығымен бизнесті дамытуға жұм­сайтын кезең, өйткені, тексеріс кезінде талап етілетіндей көптеген қажетті құжаттарды жинақтауға уақытымыз кетпейді», – деп жаза­ды автор. Өз кезегінде Қ.Шеңгелбаев Мемлекет басшысының Жарлығы отандық бизнестің ішкі және сыртқы экономикалық бәсекеге қа­бі­леттілігін арттыруға септігін тигі­зетінін атап өткен. Сондай-ақ, өздері жолдаған хатта шағын және орта бизнес үшін жағдайдың ұдайы жақ­са­­рып келе жатқанына облыс кә­сіп­керлері Ж.Кабиев, С.Базар­баев, Е.Нұрдәулетов, С.Қалие­ва, А.Кеңес, А.Байболова, М.Ес­кен­ді­ро­ва, Ә.Дайырбекова алғыс­тарын айтқан.