Биыл өңірде облыстық және аудандық маңызы бар жолдардың жақсы және қанағаттанарлық жағдайын 70%-ға жеткізу жоспарланып отыр. Бұл туралы облыстық Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының бөлім басшысы Қуанышбек Қабдығали мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz Атырау облысы Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

- Биыл жыл аяғына дейін 37 елді мекенде 200 шақырымнан астам автомобиль жолдарын жөндеу жоспарланып отыр. Бүгінгі таңда облыстық маңызы бар «Индер-Қарабау» автомобиль жолының 87 шақырымын қайта жаңғырту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қазір аталған жолдың 31,5 шықырымы қайта жаңғыртылды. Сонымен қатар «Ганюшкино-Приморье-Утеры-
Котяевка» автомобиль жолын күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде, - деді Қ. Қабдығали.
Сондай-ақ оның айтуынша, Қызылқоға ауданы Тайсоған селосына кірме жолын, «7 разъезд-Асан-Азғыр-Балқұдық-
Оған қоса, ол осы жылы Исатай ауданынының Жанбай және Исатай ауылдары, Құрманғазы ауданының Нұржау, Махамбет ауданының Сарытоғай, Мақат ауданы Мақат, Доссор және Бәйгетөбе ауылының ауылішілік, кірме жолдары мен жаяу жүргіншілер жолдары қайта жаңғыртылып жатқанын айтты.
Ал, Атырау қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімінің бас маманы Ержан Қайноллаев биыл Атырау қаласында жол кептелісінің алдын алу мақсатымен 21,1 шақырымды құрайтын бес көшенің тас жолдары қайта жасалатынын айтты.
Е.Хайноллаевтың мәлімдеуінше, бүгінгі таңда Әуезов көшесінің 2,8 шақырымы, Балықшы ықшам ауданы - Зарослый аралығындағы 5,7 шақырымындағы көшелерінде жол құрылысы жұмыстары жүргізілуде.
- Осы жылы Еркінқала-2, Зарослый-1, Ракуша, Балауса ықшам аудандары мен қаладағы басқа да мөлтек аудандар бойынша жалпы алғанда ұзындығы 135,8 шақырымды құрайтын 230 көшеге жаңадан асфальт жол төсеу жұмыстары жүргізіліп жатыр, - деді Е.Хайноллаев.
Сондай-ақ бас маман биыл 25 мың шаршы метрдей көлік жолдарының ойық, шұңқырларын жөндеу жұмысы қолға алынып жатқанын айтып өтті.
Ауыл шаруашылығы министрлігі жайылым жерлерін бөлудің жаңа тетігін әзірлеуде
Қоғам • Бүгін, 15:27
Оқушылар антисептик шашатын робот ойлап тапты
Білім • Бүгін, 14:47
Елімізде КВИ-ге қарсы вакцина алғандар саны өсті
Коронавирус • Бүгін, 14:30
Қырғыз-өзбек шекарасында жүк көлігі 8 адамды қағып кетті
Әлем • Бүгін, 13:45
Автобуста оқушы қызға тиіскен күдікті 10 тәулікке қамалды
Оқиға • Бүгін, 13:25
Жан Кособуцкий WBC титулы үшін жекпе-жекте жеңіске жетті
Бокс • Бүгін, 12:45
Оралда жол апатынан 20 жастағы қыз көз жұмды
Аймақтар • Бүгін, 12:29
Елімізде бір тәулікте 5 адам коронавирус жұқтырды
Коронавирус • Бүгін, 11:45
Қазақстанның ЮНЕСКО-ға мүше болғанына – 30 жыл
Қазақстан • Бүгін, 11:30
Қарағанды облысында 100-ден астам отбасы баспанамен қамтылмақ
Аймақтар • Бүгін, 10:43
Жәнібек Әлімханұлы әлем чемпионы атағын жеңіп алды
Бокс • Бүгін, 09:42
Қарағанды облысында 41 мың адам жұмыспен қамтылады
Аймақтар • Бүгін, 09:10
Елордада жеңіл атлетикадан марафон ұйымдастырылды
Елорда • Кеше
Қызылорда облысында абайсызда арыққа құлап кеткен сәби көз жұмды
Аймақтар • Кеше
Шымкенттегі жарылыстан бір нәресте шетінеді
Аймақтар • Кеше
Ақтөбе облысында 15 жастағы балаға найзағай түсіп көз жұмды
Аймақтар • Кеше
Елімізде 9,5 миллионға жуық адам КВИ-ге қарсы екпе алды
Коронавирус • Кеше
Шымкенттегі перзентхана маңында жарылыс болды
Оқиға • Кеше
Мемлекет басшысы Мәжіліс төрағасын қабылдады
Президент • Кеше
Роман Скляр жұмыс сапарымен Ашхабадқа барды
Үкімет • Кеше
Шетелдегі Қазақстан азаматтары референдумға қатыса алады
Қазақстан • Кеше
Елімізде бір тәулікте 3 адам коронавирус жұқтырды
Қазақстан • Кеше
Ұқсас жаңалықтар