16 Сәуір, 2014

Британиялық дипломатпен кездесті

246 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Парламент Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлыбритания Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары, Сенім және діни қауымдастықтар істері жөніндегі министр, Парламенттің Лордтар палатасының мүшесі баронесса Саида Варсиді қабылдады. Жүздесушілер Орталық Азияның қазіргі кездегі дамуы, президенттік сайлау тұрғысындағы Ауғанстандағы жағдай, Украинадағы ахуал жә­не ирандық ядролық бағдар­лама бойынша келіссөздер туралы пікір алмасты. Сенат Төрағасы үнқа­ты­су­ды қалыптастыру және шие­леністерді реттеудегі БҰҰ және ЕҚЫҰ секілді халықаралық институттардың аса маңызды рөлін атап өтті. Ол халықаралық парламенттік қоғамдастықты өте қауіпті қақтығыстар кезеңі­не тап болған украин шие­ле­ні­сін реттеуге ықпал етуге ша­қырды. Кездесу барысында Қазақ­стан мен Ұлыбритания парла­ментшілерінің сапар алмасуларын белсенділендіру туралы уағдаластыққа қол жетті, деп хабарлады Қазақстан Рес­пуб­ликасы Парламенті Сенатының баспасөз қызметі.