16 Сәуір, 2014

Алғашқы дән егіле бастады

342 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Қызылорда қаласына қарасты Қарауылтөбе деген ауыл бар. Мұнда кеңес зама­нының кезін­де 5 мың гектар жер ауыл ша­руашылығын дамытуға қолайлы ме­кен ре­тінде құрылып, жос­пар­лы жұмыс жүр­ген екен. Ал бү­гінде «Қазақкү­ріш» ғы­лыми-зерт­теу институты атал­ған аймақта дәнді да­қылдар егіп, тәжірибе жұ­мыстарын жүргізіп жатыр. Институт қарамағына берілген 1200 гектар жерде көктемгі егіс жұ­мыстарына дайындық бас­талып кетті. Егістік алқабының 500 гектарына күріш, 492 гектары­на жоңышқа егілетін болса, 100 гектар жерге ғылыми-зерттеу жұ­мыс­тары жүргізіледі. Қазірдің өзін­де арпа, бидай, тары секілді дән­ді да­қылдар көгеріп, көктеп, өсіп ке­леді. Ал, қазір алқапта жо­ңыш­­қа егу жұмыстары жүріп жатыр. Институт құрамындағы мала­зықтық дақылдар селекциясының меңгерушісі Л.Тохетова жалпы егістік дақылдарының өзге елдерден әкелінген және жергілікті үш мыңдай сорты бар екенін айтады. Биыл­ғы егістік науқанында 2 сорт тәжірибеден өткізілмек. Со­нымен қатар, «Шахристан ячмин» дәнінің жаңа түрі ойлап табылған. Ғалымның айтуынша, бұл дәнді дақыл «Өсімдіктер биологиясы және биотехнологиясы» институтымен бірлесе отырып шығарылған. Сондай-ақ, биылғы егістік науқанына Қорқыт Ата атындағы мемлекеттік университетінің агрономия мамандығының 2-курс сту­денттері тартылған. Олар бұл жерде алған білімдерін тәжірибемен ұш­тастырады. Ержан БАЙТІЛЕС, «Егемен Қазақстан». Қызылорда облысы.