Түркияның Ыстанбұл қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында Валентина Хальзова (70 келі) Оңтүстік Корея боксшысы Су Чжин Сён кездесу өткізді.
Жекпе-жекте төрешілер қазақстандық спортшының жеңісіне бірауыздан қолдау білдірді.
Осылайша ол ел құрамасынан ширек финалға жолдама алған алғашқы боксшы атанды.
Әлем чемпионатында бүгін, 13 мамырда кешкі сессияда Гүлсая Ержан (81 келі) украиналық Олеся Крысюкпен кездеседі.
Ал Ләззат Күнгейбаева (81 келіден жоғары) түркиялық Шеннур Демирмен жекпе-жекке шығады.
Дүбірлі додада ел құрамасынан Алуа Балқыбекова (48 келі), Жайна Шекербекова (52 келі), Дина Жоламан (54 келі), Карина Ибрагимова (57 келі алғашқы жекпе-жегін сәтті өткізді.