Әлем • 14 Мамыр, 2022

Делидегі өрт 27 адамның өмірін қиды

201 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Үндістан астанасы Делидегі ғимараттардың бірінде болған өрт салдарынан 27 адам қаза тауып, 40 адам жарақат алды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Делидегі өрт 27 адамның өмірін қиды

NDTV арнасының хабарлауынша, қаланың батысындағы Мундка метро станциясының маңындағы 4 қабатты үйден өрт шыққан.

Полиция 60-қа жуық адамның құтқарылғанын, іздеу-құтқару жұмыстарының жалғасып жатқанын хабарлады. 

Қайтыс болғандар саны әлі де көбеюі мүмкін.

Өрттің шығу себебі әзірге белгісіз.