Жаннат Дүбірова – жас та болса ұйымдарды цифрландыру мен трансформациялау саласындағы 150-ден астам табысты жобалардың авторы, Президенттік Жастар кадрлық резервінің мүшесі. Цифрландыру саласында iKOMEK109 қалалық орталығының авторы әрі жетекшісі, Ұлыбританиядағы Манчестер университетінің Компьютерлік ғылымдар магистрі дәрежесіне ие. Ақпараттық технологиялар саласында 16 жылдан бері үздіксіз жұмыс істеп келе жатқан Жаннаттың да айтары бар.

– Жаннат, әңгімемізді үш деңгейлі сервистік модель санатындағы Қалалық мониторинг және жедел әрекет ету орталығының жұмысынан бастасақ, оның артықшылығы неде? Тұрғындарға қандай пайдасы тиіп жатыр?
– Қазіргі таңда елордадағы ірі коммуналдық монополистерден бастап қаладағы 1 мыңнан астам қызмет көрсететін ұйымдарды біріктірген iKOMEK109 Бірыңғай байланыс орталығы «халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасының нақты құралына айналып келеді десем, асыра айтқандық болмас. Өйткені орталық – халықтың арызын, шағымын мемлекеттік органдарға немесе керісінше, мемлекеттік мекемелердің жаңалығы мен ақпаратын халыққа жедел әрі сапалы тарататын құрал. Яғни мемлекет пен азамат арасын байланыстыратын көпір.
Біздің базамызда қызмет көрсетілген 800 мыңнан астам бірегей телефон нөмірлері тіркелді. Бұл – халықтың осы қызметке деген қызығушылығының айғағы.
Астананың кез келген тұрғыны немесе қонағы қала қызметіне байланысты сұрақ туындағанда немесе арыз-шағымы болғанда бізге телефон шалып, өз мәселесін әкімдікке бармай-ақ айта алады. Біз ол мәселені лезде шешу мүмкін болса, телефон тұтқасын қоймастан шешіп береміз. Ал егер арыз белгілі бір проблемаға қатысты болса, автоматты түрде құзырлы органға жібереміз. Арызды тіркеп, ол азаматтың мәселесінің шешілуін қадағалап отырамыз. Өтініш, арыз немесе шағым берудің бүкіл процесін, оны пысықтау мен сапасын бағалауды толықтай цифрладық. Бақылау, шешілген проблемаларды сараптау, қай аудан немесе басқарма өз міндеттерін қалай орындағанын түгел сараптап, әкімдікке есеп беріп отырамыз.
Мысалы, қала тұрғыны көшеде жиналмаған қоқыстың үйіндісін көрсе, оны смартфонға суретке түсіріп, бізге арнайы қосымша арқылы жібере алады. Ал біз оны тиісті коммуналды мекемеге жібереміз. Қоқысты тазалағаннан кейін коммуналды мекеме қызметкерлері сол жерді суретке түсіріп бізге есеп жібереді.
Астаналықтар бізге тек телефон арқылы ғана емес, әлеуметтік желілер, әкімдік сайты, Smart Astana мен iKOMEK109 арнайы қосымшалары арқылы да хабарласа алады.
– Мұндай мекеменің идеясы мен тұжырымдамасын қайдан алдыңыздар? Елімізде осы қызметтің баламасы бар ма?
– iKOMEK109 қызметін құрмас бұрын біз Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігін трансформациялау жұмыстарын атқарған едік, сол жұмыстардың нәтижесінде қала тұрғындарына әкімдік басқармаларымен бір телефон нөмірі арқылы тез байланысатын ыңғайлы қызмет құру идеясы келді.
iKOMEK109 құру әдістемесі АҚШ-ғы 911 және 311 қызметтерінің америкалық тәжірибесінің симбиозына және үш деңгейден тұратын сервистік модельдің еуропалық әдіснамасына негізделген. Біз бірнеше мемлекеттің осы қызметтегі жұмыстарын сараптап, олардың ішінен ең пайдалы әрі қолдануға қолайлы деген үлгілерін өзімізге бейімдедік.
– Үш деңгейден тұратын сервистік модель іс жүзінде қалай жұмыс істейді?
– Біздің қызметіміздегі бірінші деңгей өтініштерді қабылдайтын және жүйеде тіркейтін байланыс орталығының әмбебап операторларының жұмысы. Яғни олар арыз-шағымдарды қабылдайтын алғашқы саты. Екінші деңгей – ұсынылатын жауаптардың сапасы мен өңдеу жеделдігінің мониторингімен айналысатын инспекторлар. Ал операторлардың жұмысының сапасын инспекторлар қадағалап отырады. Егер олқылықтар болса, соны түзейді. Үшінші деңгей – жауапты орындаушылар, коммуналдық қызметтер, аудандық әкімдіктер мен әкімдік басқармаларының қызметкерлері, олар регламенттік мерзімдерге сәйкес тұрғындардан келіп түскен өтініштерді пысықтап, көтерілген мәселелерді шешуі тиіс.
Әрбір өтініш пен оның орындалуы цифрлы түрде қадағаланып, біз күн сайын келіп түскен шағымдарды, олардың барлығының дұрыс шешім табуын сараптап отырамыз. Бізде аудан әкімдіктері мен басқармалардың да өзіндік рейтингі бар, әр құрылым өзіне мін-
детті жұмыстарды атқарған-атқармағаны бізге дата-орталықтағы мәліметтерге сәйкес көрініп тұрады. Апта сайын қала басшылығына есеп беріп отырамыз.
Қазіргі таңда қала әкімдігінің 25 басқармасы, 41 коммуналдық және апаттық қызметі, 69 лифт ұйымы, 500 ПИК және 277 МИҚ, 122 оқу орны, 54 мемлекеттік және жеке медициналық мекеме iKOMEK бірыңғай 109 нөміріне біріктірілген. Орталық операторлары 2 500-ден астам қызмет бойынша кеңес және жедел көмек көрсетеді. Алайда қызметкерлеріміздің жұмысы тек телефоннан кеңес пен жәрдем берумен шектеліп қалмайды.
Осы 4 жылдан астам уақытта біз қала тұрғындарынан 8 миллионға жуық өтінішті қабылдап, пысықтадық, мәселелердің 88 пайыздан астамы бірінші қоңыраудан шешілді. Соның арқасында елорда әкімдігінің кеңсесіне тұрғындардан түскен өтініштер саны 21 пайызға қысқарды. Жыл сайын iKOMEK сервисін елорданың 800 мыңға жуық тұрғыны пайдаланады.
– Жалпы, осы инновациялық әзірлемелер патенттелген бе? Мәселен, іKOMEK109 тағы не атқара алады?
– Біздің қызметкерлеріміз тәулік бойы қалада орналастырылған 16 мың бейнебақылау камерасы арқылы қауіпсіздікті бақылап отырады. Шаһар көшелерінде ұрлық немесе басқа да қылмыс болған жағдайда полиция қызметкерлеріне камера арқылы қылмыскерлерді табуға көмектеседі.
Нұр-Сұлтан тұрғындарына мектептердегі сабақтарды тоқтату, жолдардағы апат және жөндеу жұмыстары, трассаларды ауа райына байланысты жабу/ашу туралы ақпаратты қала тұрғындарына таңсәріден жіберетін де iKOMEK қызметкерлері. Төрт жыл ішінде осындай 4 миллионға жуық жедел хабарлама жіберіппіз. Мұнымен қатар мекемеміз қала басқармаларының жұмысының нәтижелерін сараптап, аудан әкімдіктерінің тұрғындардың өтініштерін қалай орындап жатқандығын да қадағалап отырады.
Жоғарыда аталған барлық инновациялық әзірлемелердің патенттелгенін атап өту маңызды, мүліктік құқықтар бар және олар коммуналдық кәсіпорын – Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ШЖҚ «Қалалық мониторинг және жедел әрекет ету орталығы» МКК балансында тұр.
Меніңше, бұл кез келген инновациялық жобаны мемлекеттік ұйымдарда енгізудің маңызды сәттерінің бірі – мүліктік құқықтар мемлекеттің иелігінде болуы тиіс.
– Әңгімеңізге рахмет.
Әңгімелескен
Айнаш ЕСАЛЫ,
«Egemen Qazaqstan»
Қазақстан мен Қытайда екі елдің Мәдениет орталықтары ашылады
Қазақстан • Кеше
Елордада жөндеу жұмыстарына байланысты жол жабылады
Елорда • Кеше
Польшада Қазақстанның Құрметті консулдығы ашылды
Әлем • Кеше
Ертең еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады
Ауа райы • Кеше
БҚО-да көлде ағып кеткен бала үш күннен кейін табылды
Аймақтар • Кеше
Қанат Таймерденов жаңа қызметке тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Үкімет басшысы қант бағасын реттеуді тапсырды
Үкімет • Кеше
ҰҚК Шекара қызметінің экс-басшысы қамауға алынды
Қоғам • Кеше
Президенттің БАҚ саласындағы сыйлықтары мен гранттары табысталды
Президент • Кеше
Президент АХҚО басқарушысы Қайрат Келімбетовті қабылдады
Президент • Кеше
Елімізде коронавирус жұқтырғандардың саны артты
Коронавирус • Кеше
Ақтөбе облысында 6 ірі су қоймасы салынады
Аймақтар • Кеше
Алматы әкімдігінің құрылымы өзгерді
Аймақтар • 24 Маусым, 2022
Абиба Әбужақынова «Grand Slam» турнирінде қола жүлде алды
Күрес • 24 Маусым, 2022
«AMANAT» – 2022 медиа сыйлығының жеңімпаздары анықталды
Қоғам • 24 Маусым, 2022
Оқиға • 24 Маусым, 2022
«Егемен Қазақстан» газетінің тілшісі AMANAT медиа сыйлығын иеленді
Егемен Қазақстан • 24 Маусым, 2022
«IQanat» қоры ауыл оқушыларының сапалы білім алуға қолжетімділігін арттырады
Білім • 24 Маусым, 2022
Мәдениет қызметкерлерінің жалақысы өседі
Қоғам • 24 Маусым, 2022
Тоқаев Си Цзиньпин ұсынған Жаһандық қауіпсіздік бастамаларын қолдады
Президент • 24 Маусым, 2022
Қасым-Жомарт Тоқаев инфляцияның өсуі өзекті мәселе екенін атап өтті
Президент • 24 Маусым, 2022
Әлемде азық-түлік мәселесіне қатысты жағдай күрделеніп кетті - Тоқаев
Президент • 24 Маусым, 2022
Қасым-Жомарт Тоқаев БРИКС+ ұйымының жаһандық даму жөніндегі диалогына қатысты
Президент • 24 Маусым, 2022
Ұлттық банк рубльдің нығаю себебін түсіндірді
Экономика • 24 Маусым, 2022
Қостанайда VII «Бұқаралық спорт Олимпиадасы» аяқталды
Спорт • 24 Маусым, 2022
Өзбекстан Түркі академиясы ұйымына бақылаушы мәртебесін алды
Қоғам • 24 Маусым, 2022
Мәулен Әшімбаев: Реформалардың басты мақсаты – әділетті Қазақстан құру
Парламент • 24 Маусым, 2022
Петропавлда Қазақстан полициясының құрдасы қызмет етеді
Аймақтар • 24 Маусым, 2022
Парламент • 24 Маусым, 2022
Америкада қоғамдық орында қару ұстауға рұқсат берілді
Әлем • 24 Маусым, 2022
Флоридада су астына сүңгу кезінде екі адам қайтыс болды
Әлем • 24 Маусым, 2022
ШҚО тұрғындарынан мина мен қару тәркіленді
Аймақтар • 24 Маусым, 2022
Бүгін әлемде 400 мыңға жуық адамнан коронавирус анықталды
Коронавирус • 24 Маусым, 2022
Президент ФИДЕ-нің ең жас чемпионы Малика Зиядинді құттықтады
Президент • 24 Маусым, 2022
Антикор Нұрлан Мәсімов туралы мәлімет үшін сыйақы жариялады
ANTIKOR • 24 Маусым, 2022
72 жастағы қария Ұлытаудан Павлодарға дейін жаяу жүрген
Қоғам • 24 Маусым, 2022
Жеті жасар қазақстандық шахматшы ФИДЕ-нің әлем чемпионы атанды
Спорт • 24 Маусым, 2022
Ұқсас жаңалықтар