Қоғам • 16 Мамыр, 2022

ТЖМ шомылуға рұқсат етілген жерлерді белгіледі

450 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Төтенше жағдайлар министрлігі қазақстандықтарға жаз мезгілінде шомылуға болатын су айдындарын айқындады, деп хабарлайды Egemen.kz.

ТЖМ шомылуға рұқсат етілген жерлерді белгіледі

«Өздеріңіз білетіндей, таяуда елімізде шомылу маусымы басталады. Осы орайда шомылу маусымында қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында біздің министрлік орталық мемлекеттік органдармен және әкімдіктермен бірлесіп кешенді алдын алу шараларын ұйымдастырып жатыр. Осыған дейін судағы қауіпсіздік мәселелері республикалық деңгейдегі, өңірлерде төтенше жағдайлар жөніндегі облыстық  комиссиялардың отырыстарында қаралды. Онда нақты міндеттер мен іс-шаралар айқындалды. Қазіргі таңда елімізде шомылуға рұқсат етілген 490 орын анықталды», деді ҚР ТЖМ Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитетінің төрағасы Бауыржан Сыздықов Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында.

Комитет басшысының айтуынша, елімізде шомылу және демалуға арналған 50 мыңнан астам су айдындары бар.

«Рұқсат етілген шомылу орындарының 187-і — коммуналдық, ал 287-і жеке жағажай. Шомылу орындарының санын арттыру мақсатында қосымша 16 орын бойынша нақты иелерін бекіту жағы қаралып жатыр. Атап айтқанда, Алматы 2 орын, ШҚО 10 және БҚО 4 шомылу орны», деді ол.