Түркияның Ыстанбұл қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында Алуа Балқыбекова (48 келі) үндістандық Ниту Нитумен жекпе-жек өткізді. Нәтижесінде төрешілердің басым бөлігі қазақстандық боксшының жеңісіне қолдау білдірді.
Алуа Балқыбекова жартылай финалға жолдама алды. Айта кетсек, жарыстың аталған сатысына жеткен боксшы кем дегенде қола медальға қол жеткізеді.
Енді ел құрамасынан Жайна Шекербекова (52 келі), Карина Ибрагимова (57 келі), Валентина Хальзова (70 келі), Гүлсая Ержан (81 келі) ширек финалда сынға түседі.