«Астана» халықаралық қаржы орталығында тіркелген отандық Bank4Me қаржылық-технологиялық стартапы VentureRocket Eurasia платформасында бірлесіп, инвестициялау науқанын сәтті бастады. Бұл туралы қаржы орталығының баспасөз қызметі хабарлады.

Bank4Me (www.bank4.me) – интернет арқылы бөліп төлеуге немесе несие алуға мүмкіндік беретін онлайн-банкинг платформасы. Бұл стартап банктердің, ритейлер (бөлшек саудамен айналысатын заңды және жеке тұлғалар) мен клиенттердің мәселелерін шешуге арналған технологиялық өнім.
«Біз жергілікті банктер мен BNPL қызметтерін (бірден сатып алуға және белгілі бір уақыт аралығында тең үлестермен төлеуге мүмкіндік беретін сервис түрі) ұсынатындарға сенімді және қолайлы хабқа айналдық. Осы арқылы олар бюджеттеріне қарай клиенттерді тартып, өзара тиімді байланыс құра алады. Сондықтан жобамыздың Орталық Азияда ғана емес, сонымен бірге қарқынды дамып жатқан Оңтүстік-Шығыс Азия мен Солтүстік Африканың нарықтарына табысты шыға алатынына көзіміз жетіп отыр», деді Bank4Me бас директоры Андрей Антропов.
Kazakhstan Digital Acceleration Program бағдарламасы (KDA) аясында Bank4Me жобасы Орталық Азияда қаржылық-технологиялық стартаптарды инвестициялайтын Quest Ventures венчурлық компаниясынан 50 мың доллар көлемінде қаражат алды.
«Bank4me – KDA бағдарламасы арқылы технологияларды сәтті трансферттеудің тиімді үлгісін көрсете білді. Аталған стартаптың негізі Беларусь елінде қаланған еді. Десе де KDA бағдарламасында табысты көрсеткіштерге қол жеткізіп, алғашқы инвестицияларды алудың нәтижесінде жобаның иелері компанияны АХҚО-да тіркеу туралы шешімді қабылдады. KDA түлектерінің өркендеп, дамудың келесі кезеңіне өтіп жатқанына және VentureRocket Eurasia платформасында қаражат жинау науқанын бастағанына қуанамыз. Бұл Орталық Азиядағы стартап экожүйесіне жақсы белгі», деді Quest Ventures-тің инвестициялық директоры Руслан Рақымбай.
Bank4Me жобасының бұл қадамы VentureRocket Eurasia платформасындағы алғашқы инвестициялық айналым саналады.
«VentureRocket Eurasia платформасында бірлескен қауіпсіз инвестицияларға қолайлы жағдай жасау арқылы өңірге көбірек инвестиция тартуға септігін тигіземіз. Платформа 2021 жылы іске қосылғаннан бері 100-ден астам стартапты байқап, шамамен 60%-ын VentureRocket Eurasia-да тіркедік. Платформамыз Орталық Азиядағы венчурлық капитал нарығын дамытудың тиімді құралы саналады және аймақтық стартаптардың экожүйесінің ұлғаюына үлес қосады деп сенеміз», деді VentureRocket Eurasia бас директоры Арслан Құдияр.
Қаражат жинау науқаны осы жылдың соңына дейін жалғасады. Инвестициялардың ағымдағы айналымы (500 мың долларға дейін) Оңтүстік-Шығыс Азия нарығын белсенді игеруге бағытталады.
Елордадағы Президентік клиникада түркиялық дәрігер шеберлік сағатын өткізеді
Медицина • Бүгін, 10:15
Каспий теңізінде үш адам құтқарылды
Аймақтар • Бүгін, 10:08
Дүйсенбіге арналған ауа райы болжамы
Ауа райы • Бүгін, 09:58
Тоқаев осы аптада қандай іс-шараларға қатысады
Президент • Бүгін, 09:50
Өзбекстанда президент өкілеттігі ұзартылады
Әлем • Бүгін, 09:45
ТЖД алматылықтарға үндеу жасады
Қоғам • Бүгін, 09:37
Алматыда мейрамхана өртеніп жатыр
Аймақтар • Бүгін, 09:32
Екі өңірде ауа сапасы нашарлайды
Ауа райы • Бүгін, 09:22
Елордада «Қазақстан Барысы» турнирінің финалы өтеді
Күрес • Бүгін, 09:17
Атырау облысында жол апатынан бес адам қайтыс болды
Аймақтар • Бүгін, 09:04
Қазақстан • Бүгін, 08:34
Спорт • Бүгін, 08:33
Спорт • Бүгін, 08:32
Спорт • Бүгін, 08:30
Түркі әлеміне ортақ оқулықтар әзірленді
Білім • Бүгін, 08:28
Қаржы • Бүгін, 08:26
Құқықтық қатынасты нығайтудың тетіктері
Қазақстан • Бүгін, 08:24
Ахмет Байтұрсынұлы • Бүгін, 08:22
Керамикалық кірпіштің келешегі бар ма?
Экономика • Бүгін, 08:20
Әлем • Бүгін, 08:17
БАҚ жөніндегі заң жобасы талқыланды
Қазақстан • Бүгін, 08:15
Демографиялық және гендерлік саясат: Жаңа мүмкіндіктер жасалады
Қазақстан • Бүгін, 08:10
«Қауіпсіз ел» – қуатты армия кепілі
Қазақстан • Бүгін, 08:07
Заңсыз миграция екі елдің проблемасына айналды
Әлем • Кеше
Еуропалық одақтың құрылымы өзгеруі мүмкін
Әлем • Кеше
Импортты алмастыру қалдықты өңдеуден басталады
Экономика • Кеше
Қазақстан • Кеше
Еңбек биржасындағы түйіндемелердің саны азайды
Қоғам • Кеше
Қоғам • Кеше
Банктер экожүйесінің дамуы көңіл көншіте ме?
Қаржы • Кеше
GGG – CANELO: Ер кезегі үшке дейін...
Кәсіпқой бокс • Кеше
Amanat медиа сыйлығы: Кіл мықтыдан кім мықты анықталды
Қазақстан • Кеше
Алаш ардақтысын түркі әлемі ұлықтады
Ахмет Байтұрсынұлы • Кеше
Шабандоз тақым қысып оқитын жыр
Әдебиет • Кеше
Әдебиет • Кеше
Спорт • Кеше
Әдебиет • Кеше
Егемен Қазақстан • Кеше
Ұқсас жаңалықтар