Референдумды қоғамдық қолдау жөніндегі Атырау өңірлік штабының жетекшісі Гүлзада Шакуликованың айтуынша, Конституцияға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар саяси реформаларды жеделдетеді. Өйткені тәуелсіздік алғаннан бері әлемдік өркениетте өз орнын айшықтаған мемлекетімізді одан әрі демократиялық жолмен өркендету үшін бұрынғы құқықтық жүйені заман талабына сай жаңартудың маңызы зор.

– Ата Заң – азаттығымыздың басты құндылығы. Тәуелсіздік жылдарында еліміздің қоғамдық-саяси дамуында өзгерістер болғанын жоққа шығармаймыз. Елімізде бірнеше жаңа кәсіпорын, бірнеше жаңа оқу орны ашылды. Сондай оқу орнының қатарында С.Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университеті де бар. Қазір мұнда отандық, шет-елдік мұнай-газ өнеркәсібіне қажетті мамандар даярланады. Әр салада жұмыс істейтіндердің қатарында тәуелсіз Қазақстанда дүниеге келген жастардың шоғыры көбейді. Жоғары оқу орындарында сондай жастардың легі білім алып жатыр. Олар студенттік басқармалар, волонтерлік қызмет, басқа да маңызды іс-шаралар арқылы еліміздің дамуына атсалысып, зор жауапкершілік жүгін сезініп отыр. Отаншыл жастардың ынтасынан елімізді жаңа жеңістерге жетелегісі келетінін аңғаруға болады, – дейді Гүлзада Шакуликова.
Өңірлік штаб жетекшісі Президенттің кейбір өкілеттігін Парламентке, Үкіметке және жергілікті атқарушы органдарға беру бастамасына қолдау білдіріп отыр. Оның пікірінше, бұл қоғамға өзін өзі басқару арқылы өз тағдырына жауапкершілік алуға мүмкіндік бермек.
– Бұл – бүгінгі қоғамның әр мүшесі ел үшін маңызды қадам. Мәселен, депутаттар белсенділігі арта түседі. Ал білім беру мекемелері студенттердің өзін өзі басқару дағдыларын дамытуға, сындарлы дебаттар мен студенттік басқару арқылы жаңаша ойлауды қалыптастыруға көңіл бөлуі керек. Мұндай өзгерістерді жатсынбаған жөн. Мемлекет басшысының суперпрезиденттік басқару моделінен Парламент пен мәслихаттардың рөлі күшейген саяси жүйеге көшу, демократиялық процестер қарқынын үдету, елдегі бірлік пен ынтымақты арттыру бастамасы қолдауға лайық. Міне, сол себептен баршамыздың алдымызда жаңа және әділетті Қазақстан құру жолында азаматтардың мүддесі мен құқығын қорғау, саяси жүйені, әкімшілік-аумақтық құрылымды өзгерту, жаңа экономиканы қалыптастыру секілді бірқатар маңызды міндет тұр. Осы орайда саяси жаңғыру бағытындағы бастамаларға қолдау көрсету – елдігіміздің белгісі, – дейді Г.Шакуликова.
Атырау облысының қоғамдық ұйымдары мен жұртшылығы ел Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізілуіне байланысты өтетін референдумның маңызына қызығушылық танытып отыр. Мәселен, қоғам белсендісі Арман Хайруллин жетекшілік ететін «Атамекен ЭКО» қоғамдық бірлестігіндегі басқосуда экобелсенділер, депутаттар мен жоғары оқу орындарының оқытушылары пікір алмасты.
– Біз ашық мемлекетті қалыптастырудың алғышартына куә болып отырмыз. Мемлекет пен қоғам арасында жаңа байланыс, қарым-қатынас орнай бастады. Әлеуметтік желідегі пікірлерден отандастарымызды толғандыратын мәселелерді жиі оқимыз. Оның ішінде Конституцияға енгізілгелі отырған өзгерістер де бар. Сол себептен, алда өтетін референдумға қазақстандықтардың қызығушылығы артады, – дейді облыстық мәслихаттың депутаты Серік Қадыров.
С.Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетінің доценті Болат Нығметовтің айтуынша, Конституцияға өзгерістер енгізілгеннен кейін Қазақстанның экономикалық-саяси дамуында жаңа бетбұрыс басталады. «Жаңа мемлекеттік модельге, мемлекет пен бұқара арасындағы өзара іс-қимылдың жаңа сатысына қадам басқалы отырмыз. Бұл – жаңа бетбұрыстың бастауы», деп есептейді Б.Нығметов.
Референдумның маңызы Қазақстан халқы Ассамблеясының облыстық филиалында да талқыланды. Филиал төрағасы Нұржан Ермұхановтың пікірінше, Мемлекет басшысы саяси реформалардың бірнеше пакетін ұсынып отыр. «Күн сайын жаңарып жатқан қоғам жаңа шешімдер мен өзгерістерді қажет етеді. Біз қазақстандықтардың баршасы қоғамның жаңарғанын, саяси өзгерістер болғанын күтетінін көріп отырмыз. Өйткені бұл халықтың референдумға деген қызығушылығының жоғары болуынан байқалады. Сондықтан референдумның маңызды екенін ұғынуға тиіспіз», дейді Н.Ермұханов.
Атырау облысы
Елімізде коронавирусқа қарсы вакцина алғандар саны 9,5 миллионнан асты
Коронавирус • Бүгін, 11:03
Түркістан облысында екі шетелдік студент суға батып кетті
Оқиға • Бүгін, 10:50
Соғыста қаза тапқан үш қазақстандық жауынгердің сүйегі елге жеткізілді
Аймақтар • Бүгін, 10:35
Коронавирус жұқтырғандар көбейді
Коронавирус • Бүгін, 10:29
Елге 30 тонна қантты заңсыз кіргізбек болған қазақстандық ұсталды
Әлем • Бүгін, 10:23
Елордадағы Президентік клиникада түркиялық дәрігер шеберлік сағатын өткізеді
Медицина • Бүгін, 10:15
Каспий теңізінде үш адам құтқарылды
Аймақтар • Бүгін, 10:08
Дүйсенбіге арналған ауа райы болжамы
Ауа райы • Бүгін, 09:58
Тоқаев осы аптада қандай іс-шараларға қатысады
Президент • Бүгін, 09:50
Өзбекстанда президент өкілеттігі ұзартылады
Әлем • Бүгін, 09:45
ТЖД алматылықтарға үндеу жасады
Қоғам • Бүгін, 09:37
Алматыда мейрамхана өртеніп жатыр
Аймақтар • Бүгін, 09:32
Екі өңірде ауа сапасы нашарлайды
Ауа райы • Бүгін, 09:22
Елордада «Қазақстан Барысы» турнирінің финалы өтеді
Күрес • Бүгін, 09:17
Атырау облысында жол апатынан бес адам қайтыс болды
Аймақтар • Бүгін, 09:04
Қазақстан • Бүгін, 08:34
Спорт • Бүгін, 08:33
Спорт • Бүгін, 08:32
Спорт • Бүгін, 08:30
Түркі әлеміне ортақ оқулықтар әзірленді
Білім • Бүгін, 08:28
Қаржы • Бүгін, 08:26
Құқықтық қатынасты нығайтудың тетіктері
Қазақстан • Бүгін, 08:24
Ахмет Байтұрсынұлы • Бүгін, 08:22
Керамикалық кірпіштің келешегі бар ма?
Экономика • Бүгін, 08:20
Әлем • Бүгін, 08:17
БАҚ жөніндегі заң жобасы талқыланды
Қазақстан • Бүгін, 08:15
Демографиялық және гендерлік саясат: Жаңа мүмкіндіктер жасалады
Қазақстан • Бүгін, 08:10
«Қауіпсіз ел» – қуатты армия кепілі
Қазақстан • Бүгін, 08:07
Заңсыз миграция екі елдің проблемасына айналды
Әлем • Кеше
Еуропалық одақтың құрылымы өзгеруі мүмкін
Әлем • Кеше
Импортты алмастыру қалдықты өңдеуден басталады
Экономика • Кеше
Қазақстан • Кеше
Еңбек биржасындағы түйіндемелердің саны азайды
Қоғам • Кеше
Қоғам • Кеше
Банктер экожүйесінің дамуы көңіл көншіте ме?
Қаржы • Кеше
GGG – CANELO: Ер кезегі үшке дейін...
Кәсіпқой бокс • Кеше
Amanat медиа сыйлығы: Кіл мықтыдан кім мықты анықталды
Қазақстан • Кеше
Алаш ардақтысын түркі әлемі ұлықтады
Ахмет Байтұрсынұлы • Кеше
Ұқсас жаңалықтар