Кеше Қасым-Жомарт Тоқаев ҰҚШҰ-ның құрылуына 20 жыл толуына орай ұйымдастырылған Мәскеудегі алқалы жиынға қатысты.

Өмірде шынайы ахуалды шынайы күйде қабылдау керек. Өйткені Қазақстанның географиялық тұрғыда орналасуы, көршілерімізбен қарым-қатынас елдің дамуына өз әсерін тигізеді. Көршілік қарым-қатынасымыз Ресей, Қытай, Түрікменстан, Қырғызстан, Өзбекстан секілді елдермен тығыз байланысты. Сондықтан көршімен тату болу қай жағынан да маңызды. Осы орайда, Президентіміздің Ресейге барғанын, көршілес елдермен тату болуға ұмтылуын өте дұрыс қадам деп бағалауға болады.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев дипломат адам. Кешегі жиын барысында да түсірілген фотоларды қарап отырып, Президентіміздің тап-тұйнақтай, өз ісін адал атқарып, мемлекеттің мүддесін қорғағанын анық аңғарамыз.
ҰҚШҰ бітімгерлік күштері Қазақстанның шақыруы бойынша Қаңтар оқиғасы кезінде келіп, өз миссиясын аяқтағаннан кейін өз елдеріне оралды. Олардың еңбегін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жоғары бағалады.
Кейбір сыншылар ҰҚШҰ-дан шығу керек деген әңгіме айтып жүр. Меніңше бұл мәселені Президент халықпен ақылдаса отырып шешім қабылдайтыны сөзсіз. Бірақ ең басты мүдде – әлемдегі «тоғызыншы территорияның» аумақтық тұтастығын, елдегі тұрақтылық пен бейбітшілікті сақтау саясатын жалғастыра беру керек.
Қазақстанның көпвекторлы позициясын ұмытпаған жөн. Сол вектордан айнымай, дүние жүзі мемлекеттерімен түзу қарым-қатынасты сақтау басты мақсат. Ал ол бүгінгі саяси аренада оңай жұмыс емес. Президентіміздің Түркияға сапары да Қазақстанның халықаралық саясаттағы ұстанымын айқындауға өз ықпалын тигізетіні сөзсіз. Р.Ердоғанның «Біз бауырларымызды әрқашан да қорғаймыз» деген сөзі де өзгелерге ой салары анық.
Самат НҰРТАЗА,
саясаттанушы
Коронавирус жұқтырудың 188 жағдайы анықталды
Коронавирус • Бүгін, 12:20
Кәсіпкерден 50 млн теңге бопсалаған блогер қамауға алынды
ANTIKOR • Бүгін, 11:10
Елордада ауылшаруашылық жәрмеңкелері өтіп жатыр
Елорда • Бүгін, 09:37
Президент қазақстандықтарды Ұлттық домбыра күнімен құттықтады
Президент • Бүгін, 09:09
Қазақстан • Бүгін, 08:50
51,4 мыңға жуық адам әлеуметтік төлем алды
Қоғам • Кеше
Футболдан Қазақстан чемпионаты: «Ақтөбе» топ жарды
Футбол • Кеше
Елордада екі автобустың бағыты уақытша өзгереді
Елорда • Кеше
Ирандағы жер сілкінісінен бес адам көз жұмды
Әлем • Кеше
Алматыдағы Сайран көлі құрғатылады
Экология • Кеше
Алматыдағы «Алтын-Орда» базары маңында дәмхана өртенді
Аймақтар • Кеше
Бүгін Қазақстан әскери-әуе күштерінің құрылған күні
Қазақстан • Кеше
Мүлік иелері бірлестігіне көшудің механизмі түсіндірілді
Қазақстан • Кеше
Қазақстан-Люксембург дипломатиялық қатынасына 30 жыл толды
Қазақстан • Кеше
Жетісу өңірінен шыққан қос тұлғаға ескерткіш орнатылды
Аймақтар • Кеше
Президент Алматы әкімін қабылдады
Президент • Кеше
Қазақстанның дипломатиялық қызметіне – 30 жыл
Қазақстан • Кеше
«Қазфосфат» кәсіпорында 2 жұмысшы мерт болды
Қоғам • Кеше
Алматы мен Ақтөбеде ауа сапасы нашарлайды
Ауа райы • Кеше
Иранда 6 балдық жер сілкінісі болды
Әлем • Кеше
Өткен тәулікте 187 адам індет жұқтырды
Коронавирус • Кеше
Бүгін ақын Мұхтар Шаханов 80 жасқа толды
Қазақстан • Кеше
Елордада субұрқақтан энтеровирус анықталды
Елорда • 01 Шілде, 2022
Мақтаарал тұрғыны ауласынан адам сүйегін тауып алды
Оқиға • 01 Шілде, 2022
2500-ден астам домбырашы қазақтың танымал күйлерін бір мезетте орындады
Өнер • 01 Шілде, 2022
Өскеменде 4,3 млн теңге жымқырған есепші ұсталды
Оқиға • 01 Шілде, 2022
Отандық кәсіпкерлер кеңесінің отырысы жаңа форматта өтті
Үкімет • 01 Шілде, 2022
Қарағандыда ғарыш мониторингі базада тіркелмеген 11 мың жер учаскесін тапты
Аймақтар • 01 Шілде, 2022
Бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Ауа райы • 01 Шілде, 2022
Түркияда Мұхтар Шахановтың 80 жас мерейтойы атап өтілді
Әлем • 01 Шілде, 2022
Мемлекеттік баға реттеу мәселелері туралы заңға өзгерістер енгізілді
Президент • 01 Шілде, 2022
Ұқсас жаңалықтар