Шайбалы хоккейден Қазақстан ұлттық құрамасы Финляндияда өтіп жатқан элиталы дивизионның әлем чемпионатында қатарынан екінші матчта жеңіліп, өз жанкүйерлерін тағы да жерге қаратты. Юрий Михайлис шәкірттері топтық кезеңдегі екінші тур ойынын Франция хоккейшілерімен өткізіп, 1:2 есебімен қарсыластарына жол берді.

Чемпионаттың алғашқы турында Даниядан ірі есеппен (1:9) жеңілгеннен кейін де ұлттық құраманың бас бапкері Юрий Михайлис Сведберг – (Самат) Данияр, Шевченко – Шестаков – Акользин бестігіне сенім білдіріп, алғашқы минуттан бастап мұзайдынға шығарды. Тек екінші бестіктегі шабуылшы Михаил Рахмановтың орнына төртінші бестіктің ойыншысы Кирилл Панюковты шығарса, қорғаушы Әділ Бекетаев Егор Шалаповты ауыстырды.
Десе де, кездесудің бастапқы минуттарында қазақстандық хоккейшілер белсенді ойнап, бірнеше қауіпті шабуыл ұйымдастырды. Нәтиже де көп күттірген жоқ. Ойынның алтыншы минутында Никита Михайлистің оң қапталдан берген шайбасы қарсылас команданың үш ойыншысының арасынан өтіп, қорғаушы Валерий Ореховтің конькиіне тиіп, қақпадан табылды. Алайда Франция құрамасының бапкерлері біздің ойыншы шайбаны конькимен соқты деп төрешілерге шағым түсірді. Бейнеқайталаудан кейін төрешілер шайба ойын ережесіне сай соғылғанына көз жеткізіп, Ореховтің голын есепке алды.
Алғашқы кезең 1:0 есебімен Қазақстан құрамасының пайдасына аяқталғанымен, Андрей Шутов қырағылық танытпағанда, бірінші 20 минут тең есеппен аяқталуы мүмкін еді. Әйткенмен, франциялықтар бірінші кезеңде сала алмаған шайбасын екінші кезеңде артығымен соқты. 32-минутта Александр Тексьер мергендік танытып, таразы басын теңестірсе, екінші кезеңнің аяқталуына 25 секунд қалғанда сан басымдығына ие болған «үш жолақты» елдің хоккейшілері қақпамызға екінші шайбасын тоғытты. Голдың авторы – Флориан Шакиашвили. Шешуші, соңғы кезеңде Қазақстан құрамасы есепті теңестіруге қанша тырысқанымен, оларынан еш нәтиже шығара алмады. Қорытынды есеп – 1:2.
Осылайша, алғашқы турда Словакиядан (2:4) жеңіліп, Қазақстанды бір шайба айырмасымен ұтқан Франция алғашқы үш ұпайына қол жеткізіп, «А» тобының турнир кестесінде алтыншы орынға көтерілді. Ал қатарынан екі ойында жеңіліп, бірде-бір ұпай ала алмаған жерлестеріміз соңғы, сегізінші орында тұр. Жетінші орындағы Италия құрамасының еншісінде де ұпай жоқ. Алайда олар шайба айырмашылығымен ғана біздің алдымызды орап тұр. Қазақстан мен Италия арасындағы топтық кезеңнің соңғы турындағы ойын екі құраманың қайсысы элиталы дивизионда қалатынын, қайсысы бірінші дивизонға төмендейтінін анықтап беруі ықтимал. Мұнда да егер Италия мен Қазақстан қалған ойындарында ұпай ала алмаса.
«Бүгін біз бірінші матчқа қарағанда тәртіпті ойын өткіздік. Бірінші кезең біз үшін жақсы басталып еді. Дер кезінде қорғаныстан шабуылға шығып, мұзайдынның бос кеңістіктерін тиімді пайдаланып жаттық. Хоккейшілер де қарсыластың ойыншыларынан ашылып, бір-бірін түсінісіп тәуір ойын көрсетті. Өкінішке қарай, екінші кезеңде басымдықты қарсыластарға беріп қойдық. Үшінші кезеңде кездесудің бағытын өзгертуге тырыстық. Көп қысым жасадық. Бірақ нәтиже болған жоқ», деді Юрий Михайлис матчтан кейін.
Топтық кезеңнің екінші тур ойындарынан кейін «А» тобында Швейцария мен Канада хоккейшілері 6 ұпаймен турнир кестесінде көш бастады. Швейцария құрамасы екінші турда Данияны 6:0 есебімен жеңсе, Канада Италияны 6:1 есебімен ұтты. Алғашқы турда Канададан жеңілген Германия бұл турда Словакиядан 2:1 есебімен басым түсіп, алғашқы үш ұпайына қол жеткізді. Екінші турдан кейін үш ұпай олжалаған Дания, Словакия, Германия және Франция құрамалары 3-6 орындарға жайғасқан.
«B» тобында да екі турдан кейін жарыс қожайыны Финляндия, сондай-ақ Чехияны 3:5 есебімен ұтқан Швеция хоккейшілері алты ұпаймен бірінші және екінші орындарды бөлісіп тұр. АҚШ құрамасы Аустрияны овертаймда (3:2) жеңіп, үшінші орнын сақтап қалды. Буллит сериясында Ұлыбританиядан айласын асырған Норвегия чемпионаттағы бірінші жеңісіне қол жеткізді. Екі ұпай олжалаған норвегиялықтар турнир кестесінде алтыншы орынға көтерілді. Бірде-бір ұпайы жоқ Латвия әзірге соңғы орында тұр.
Қазақстан құрамасы бүгін топтық кезеңдегі үшінші турда плей-офф кезеңіне өтуге бірден-бір үміткер Швейцария хоккейшілерімен шеберлік байқасады. Екі құрама ең кейінге рет 2016 жылы Ресейде өткен әлем чемпионатында кездесіп, жерлестеріміз буллит сериясында 3:2 есебімен басым түскен болатын. Негізгі уақыттағы екі голды да Роман Савченко салған еді.
Вакцина салдырған қазақстандықтардың саны нақтыланды
Коронавирус • Бүгін, 13:22
Алматы маңында жер сілкінісі болды
Аймақтар • Бүгін, 12:57
Коронавирус жұқтырудың 188 жағдайы анықталды
Коронавирус • Бүгін, 12:20
Кәсіпкерден 50 млн теңге бопсалаған блогер қамауға алынды
ANTIKOR • Бүгін, 11:10
Елордада ауылшаруашылық жәрмеңкелері өтіп жатыр
Елорда • Бүгін, 09:37
Президент қазақстандықтарды Ұлттық домбыра күнімен құттықтады
Президент • Бүгін, 09:09
Қазақстан • Бүгін, 08:50
51,4 мыңға жуық адам әлеуметтік төлем алды
Қоғам • Кеше
Футболдан Қазақстан чемпионаты: «Ақтөбе» топ жарды
Футбол • Кеше
Елордада екі автобустың бағыты уақытша өзгереді
Елорда • Кеше
Ирандағы жер сілкінісінен бес адам көз жұмды
Әлем • Кеше
Алматыдағы Сайран көлі құрғатылады
Экология • Кеше
Алматыдағы «Алтын-Орда» базары маңында дәмхана өртенді
Аймақтар • Кеше
Бүгін Қазақстан әскери-әуе күштерінің құрылған күні
Қазақстан • Кеше
Мүлік иелері бірлестігіне көшудің механизмі түсіндірілді
Қазақстан • Кеше
Қазақстан-Люксембург дипломатиялық қатынасына 30 жыл толды
Қазақстан • Кеше
Жетісу өңірінен шыққан қос тұлғаға ескерткіш орнатылды
Аймақтар • Кеше
Президент Алматы әкімін қабылдады
Президент • Кеше
Қазақстанның дипломатиялық қызметіне – 30 жыл
Қазақстан • Кеше
«Қазфосфат» кәсіпорында 2 жұмысшы мерт болды
Қоғам • Кеше
Алматы мен Ақтөбеде ауа сапасы нашарлайды
Ауа райы • Кеше
Иранда 6 балдық жер сілкінісі болды
Әлем • Кеше
Өткен тәулікте 187 адам індет жұқтырды
Коронавирус • Кеше
Бүгін ақын Мұхтар Шаханов 80 жасқа толды
Қазақстан • Кеше
Елордада субұрқақтан энтеровирус анықталды
Елорда • 01 Шілде, 2022
Мақтаарал тұрғыны ауласынан адам сүйегін тауып алды
Оқиға • 01 Шілде, 2022
2500-ден астам домбырашы қазақтың танымал күйлерін бір мезетте орындады
Өнер • 01 Шілде, 2022
Өскеменде 4,3 млн теңге жымқырған есепші ұсталды
Оқиға • 01 Шілде, 2022
Отандық кәсіпкерлер кеңесінің отырысы жаңа форматта өтті
Үкімет • 01 Шілде, 2022
Қарағандыда ғарыш мониторингі базада тіркелмеген 11 мың жер учаскесін тапты
Аймақтар • 01 Шілде, 2022
Бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Ауа райы • 01 Шілде, 2022
Ұқсас жаңалықтар