Спорт • 17 Мамыр, 2022

Нибали үздіктер қатарынан көрінді

153 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Италия тас жолдарында өтіп жатқан «Джиро д’Италия» көпкүндігінің тоғы­зыншы кезеңі өз мәресіне жетті. Бұл кезеңде 26 жастағы Bora-hansgrohe командасының аустралиялық велошабандозы Джей Хиндли топ жарды.

Нибали үздіктер қатарынан көрінді

Изерния мен Блокхаус қалаларын жал­ғаған 191 шақырым жолды Джей Хиндли 5 сағат 34 минут 44 секундта жү­ріп өтті. Хиндлимен мәре сызығын бірге кес­кен франциялық Ромен Барде (Team DSM) мен эквадорлық Ричард Карапаз (INEOS Grenadiers) одан кейінгі орындарға жай­ғасты. Ал «Астананың» италиялық велошабандозы Винченцо Нибали мәре сызығын жеңімпаздан 34 секунд кейін қиды.

Ал жалпы есепте төртінші кезеңнен бері АҚШ-тың Trek-Segafredo клубы сапында өнер көрсететін Хуан-Педро Лопес алдына жан салар емес. Оны португалиялық Джоау Альмейда (UAE Team Emirates) мен франциялық Ромен Барде (Team DSM) өкшелеп келеді. Әзірге «Астана» вело­командасының ең үздік нәтижесі Винченцо Нибалиге тиесілі. Жалпы есепте 13-орында тұрған ол Лопестен 3 минут 4 секундқа қалып келеді.

Соңғы жаңалықтар