Чемпионаттың 11-турында «Тобыл» сырт алаңда «Ақтөбемен» ойнап, 1:2 есебімен жеңіліп қалды. Қостанайлық ұжым екінші 45 минутта 10 футболшы болып ойнаған «Ақтөбені» жеңе алмаған соң, клуб басшылығы мен бас бапкер екіжақты келісім бойынша келісімшартты үзді.
А.Москаленко «Тобылды» өткен жылдың маусым айынан бері жаттықтырып келді. Өткен жылы қостанайлықтар 45 жастағы маманның басшылығымен ел чемпионы атанған болатын. Сондай-ақ биыл Қазақстан суперкубогын да жеңіп алған еді.