Үкімет • 17 Мамыр, 2022

Мал шаруашылығы өнімдерін өндірушілерге жағдай жасалу керек – Әлихан Смайылов

178 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Премьер-Министр Әлихан Смайылов айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мал шаруашылығы өнімдерін өндірушілерге жағдай жасалу керек – Әлихан Смайылов

«Жыл сайын мал шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу жобалары жүзеге асырылады. Дегенмен мұндай кәсіпорындар өндірістік қуатын толық пайдаланып отырған жоқ. Осыған орай ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді ұсақ өндірушілер мен қайта өңдеуші кәсіпорындарды байланыстыратын дайындаушы ұйымдар желісін құруға ынталандыру қажет», деді Әлихан Смайылов.

Осы ретте Үкімет басшысы Ауыл шаруашылығы, Сауда министрліктері мен жергілікті атқарушы органдардың міндеті – өнімді өндіруші мен өңдеушіге дейінгі нарықтың барлық қатысушыларының интеграциясына жағдай жасау екендігін баса айтты.