«Мал шаруашылығын білікті мамандармен, ең алдымен ветеринарлармен және зоотехниктермен кадрлық қамтамасыз етуге назар аудару қажет. Бұл жерде әңгіме жоғары білімі бар мамандар туралы ғана емес, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын колледждер даярлайтын орта буын мамандары туралы да болып отыр», деді министр.
Осы ретте Ербол Қарашөкеев «Дипломмен ауылға» бағдарламасын күшейту және кеңейту арқылы ауылдық жерлерде кадрларды бекіту мәселесін шешу, оның нормаларын орта буын мамандарына да тарату міндеті тұрғанын баса айтты.
«Ветеринария жүйесін реформалау есебінен мал шаруашылығына ветеринарлық қызмет көрсету сапасын да арттыру керек», деді ол.
Аяна Тоғанбек