Қазақстан • 17 Мамыр, 2022

Оқушыладың 81 пайызы жазғы лагерьге барады

455 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы ҚР БҒМ Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Есенғазы Иманғалиев мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Оқушыладың 81 пайызы жазғы лагерьге барады

«Жергілікті атқару органдарының мәліметіне сәйкес, биыл мектеп жасындағы балалардың 81,3 пайызы жазғы демалыспен қамтамасыз етіледі. Оның ішінде 236 қала сыртындағы лагерь, 11 мыңға жуық мектеп жанындағы және 930-ден астам шатырлы лагерь жұмыс істейді», деді Есенғазы Иманғалиев Білім және ғылым министрлігінде өткен аппарат жиынында.

Комитет басшысының айтуынша, биыл жазғы демалыспен қамтылған балалардың саны өткен жылға қарағанда 800 мыңға артық.

«Биыл аз қамтылған отбасы балаларының 61 пайызы, ерекше қажеттілігі бар балалардың 64 пайызы жазғы демалыспен қамтылады. Сонымен қатар білім саласында түрлі жетістіктерге жеткен балалардың 78 пайызы лагерьлерге жіберіледі. Одан бөлек, 2 млн 564 мыңдай баланы жазғы еңбекпен қамту жоспарланып отыр. Атап айтқанда, 86 966 құрылыс отрядына, орман және көгалдандыру жұмыстары мен аула клубтарына жұмысқа тартылады. Сол сияқты дебат және қосымша білім орталықтарында еңбектенеді», дейді ол.

Аяна Тоғанбек