Балалар жылы аясында еліміздің ауыл мектептерінің автобус паркі 515 автобуспен жаңартылады, деп хабарлайды Egemen.kz Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұл балаларды мектепке және үйлеріне қауіпсіз тасымалдауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Әсіресе мектептері жоқ шалғайдағы халқы аз ауылдарда тұратын балалар автобуспен қамтамасыз етіледі.
«Балаларды автобуспен қамтамасыз ету үшін қаржыландыру әкімдіктерге бөлінеді. Білім және ғылым министрлігі мектеп автобустарымен қамтамасыз ету мәселесін бірнеше рет көтерген болатын. Биыл өңірлер мектептерін балаларды тасымалдауға арналған жаңа көліктермен қамтамасыз ету мәселесі республикалық деңгейде шешіліп, жаңа автобустар алуға қаржы бөлініп жатыр. Сондай-ақ білім беру ұйымдарын автобустармен одан әрі жабдықтау үшін Жол картасы әзірленді. Бүгінгі таңда 25 мыңнан астам оқушы көлікке мұқтаж. Сондай-ақ мектеп автобустарына жоғары қажеттілік Түркістан, Ақмола, Батыс Қазақстан, Алматы, Павлодар және басқа да облыстарда байқалады», деді БҒМ Балалардың құқықтарын қорғау комитеті төрағасының орынбасары Дулат Жекебаев.
Қазіргі уақытта барлығы 1000-нан астам мектеп автобусы қатынайды. Қаржылық лизинг бағдарламасы бойынша жеңілдетілген шарттармен елімізде құрастырылған жаңа автобустар сатып алынады. Бұл тетік ел мектептерінің барлық автобус паркін кезең-кезеңімен жаңартуға мүмкіндік береді.
«Балаларды тасымалдауда барынша қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында біз сатып алынатын көліктерге қойылатын техникалық талаптарды әзірлеп, белгіледік. Бұл 20-40 жергілікті автобус болуы керек, себебі ауылдарда көбіне жол жоқ. Онымен қоса, көліктер қауіпсіздік белдіктері бар балалар орындықтарымен, салонда балаларды қалдыруды болдырмайтын жүйемен, кабинаның артқы жағындағы авариялық шығумен жабдықталуы керек. Сонымен қатар балаларды мектеп автобусымен тасымалдау кезінде мектеп директорының бұйрығымен бекітілген арнайы қызметкер алып жүруі қажет», деп түсіндірді Дулат Жекебаев.
Үлестік құрылыс проблемалары қалай шешіледі?
Экономика • Бүгін, 00:57
Үкімет • Бүгін, 00:49
БҰҰ-ның Жаһандық шартына қосылды
Экономика • Бүгін, 00:34
Болашағымызға бейқам қарамайық
Қазақстан • Кеше
Әлеуметтік қойылым ЖИТС құрбандарына арналды
Аймақтар • Кеше
Қазақ сыныбы неге қағажу көре береді?
Білім • Кеше
Үш буынды модель: Тергеу сапасы мен жеделдігі артады
Қоғам • Кеше
Әдебиет • Кеше
Қазақстан • Кеше
«Ағатай, жан қалтаңда құртың бар ма?»
Өнер • Кеше
Әдебиет • Кеше
Түрленген театрдың көрермені көбейді
Театр • Кеше
Иса ақынның сүйіншіге берген домбырасы
Қазақстан • Кеше
Экология • Кеше
Экология • Кеше
Аймақтар • Кеше
Театр • Кеше
Өнер • Кеше
Үш өңірде қуаңшылық болады - Қазгидромет
Ауа райы • Кеше
Елорданың тағы бір көшесінде автобус жолағы пайда болады
Елорда • Кеше
Ереймен жеріндегі ежелгі нысандар
Руханият • Кеше
Журналистерге жүлде жауған күн
Қазақстан • Кеше
Бірнеше өңірде 44-45 градус ыстық болады
Ауа райы • Кеше
Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай кең көлемді іс-шара ұйымдастырылады
Ахмет Байтұрсынұлы • Кеше
Air Astana компаниясын IPO-ға шығару кейінге қалдырылды
Қазақстан • Кеше
Кен игерушілер пайдалы қазбаларды игеру салығынан босатылады
Қазақстан • Кеше
Шілдеде қазақстандықтар қанша күн демалады?
Қоғам • Кеше
Елорда тұрғынынан 40 келі есірткі заты табылды
Қоғам • Кеше
ҚазМұнайГаз акциялары AIX және KASE алаңында IPO-ға шығады
Қазақстан • Кеше
Әділет министрлігінің аппарат басшысы тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Павлодар облысында қант зауыты іске қосылады
Аймақтар • Кеше
Ұлытау облысы әкімінің орынбасарлары тағайындалды
Аймақтар • Кеше
Алматы тұрғындарының саны өсті
Қоғам • Кеше
Жезқазған қаласына жаңа әкім тағайындалды
Тағайындау • Кеше
ШҚО-да «BALKARAGAI TUNES» халықаралық музыка фестивалі өтеді
Аймақтар • Кеше
Павлодарда емханалардың жұмыс тәртібі өзгереді
Аймақтар • Кеше
Ұқсас жаңалықтар