Аталған факт бойынша Маңғыстау облысы экология департаментінің экологиялық бақылау және зертханалық-талдама бөлімінің мамандары жедел жұмысқа кіріскен.
«Нәтижесінде №13 Өрт сөндіру бекетінің техникалық цистернасы тесіліп, ішіндегі өрт сөндіру гидранттарынан алынған 500 л су теңізге төгілгендігін анықтады. Шолу жүргізу барысында теңіз суының сынамалары алынды. Сондай-ақ №13 Өрт сөндіру бекетінің өкілдері аталған мәселе бойынша түсініктеме берді. Алдағы уақытта экология департаменті қолданыстағы заңнамаға сәйкес тиісті шаралар қабылдайды», деді Маңғыстау облысы экология департаментінің баспасөз қызметі.