Қазақстан • 18 Мамыр, 2022

Кәсіпорын қызметкерлерімен кездесті

238 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Алматы облысының Қапал-Арасан ауылындағы Барлыбек Сырттанұлы атындағы мектепте саяси қайраткер, қазақтың алғашқы Конституция жобасының авторы, заңгер, публицист, шығыстанушы Барлыбек Сырттанұлының мүсіні салтанатты түрде ашылды.

Кәсіпорын қызметкерлерімен кездесті

«Ақ жол» партиясының демеушілігімен бой көтерген мүсіннің ашылу салтанатына Парламент Мәжілісінің депутаты, «Ақ жол» Қазақстанның демократиялық партиясы» қоғамдық бірлестігінің төр­ағасы Азат Перуашев қатысты. Сондай-ақ салтанатты іс-ша­раға партияның Алматы об­лысы және Алматы қалалық филиал­­дарының басшылары, Ақсу ауданының белгілі қоғам қай­раткерлері, ардагер­лері мен ауыл азаматтары қа­­тысты. Жиын барысында Азат Пе­руашев жергілікті халық­­пен кездесіп, басқосу бары-
сында конституциялық рефор­маның өзектілігін талқы­лады. Жиында сөз алған ауыл ақса­қал­дары еліміздің Негізгі Заңына енгізілетін өзгерістердің маңыз­дылығын айтып, консти­туциялық реформаны толық қолдайтындарын жеткізді.

Кейіннен А.Перуашев бастаған «Ақ жол» партиясының мүшелері «Қайнар» ЖШС-нің Талдықорғандағы қорғасын батареялары зауытында болды. Зауыт электротехника саласында да, Жетісу өңірінде де ең табыс­ты кәсіпорындардың бірі болып саналады. Зауыттың инженерлік-техникалық қызметкерлермен әңгімелескен ақжолдықтар олардың конституциялық реформаға деген көзқарасымен танысып, ұжымның өткен жылдары партияның алдына қойған кейбір мәселелеріне тоқталды. Әріптестер экономикалық және саяси жағдайға қатысты ой-пікірлерімен бөлісті. Сондай-ақ, жиында зауытта ұзақ жыл бойы қажырлы еңбек еткен жұмысшыларға «Еңбегім еліме» атты төсбелгі табысталды.

Жиналған қауым Талды­қорған­дағы қаңтар оқиғасына да өткір баға берді. Елдегі саяси жаң­ғыру аясында кәсіпорын қызметкерлері мемлекеттік жүйеге түбегейлі өзгерістер енгізу қажеттілігіне еш күмән­дан­байды. Олар Конституцияны реформалау осындай өзгерістерге бағытталған шешуші қадам ретінде қабылдайды.