Жуырда ғана Италия астанасы – Римде аяқталған мастерс турнирінің жартылай финалына дейін жеткен отандасымыз Андрей Голубев жаңартылған рейтингте жұптық сында 21-орынға көтерілді. Бұл – оның спорттық жолындағы ең үздік көрсеткіші. Александр Недовесов 60-сатыда қалса, Григорий Ломакин 244-орынға шықты. Қазақстанның жекелей сындағы бірінші ракеткасы Александр Бублик 41-орнында қалса, Михаил Кукушкин 165-сатыда тұр.
Қазақстанның әйелдер арасындағы бірінші ракеткасы Елена Рыбакина 17-ден 16-ға, Юлия Путинцева 40-тан 37-ге, Зарина Диас 134-тен 131-орынға көтерілді. Жұптық сында Анна Данилина 20-шы, Жібек Құламбаева 300-ші, Гөзал Айнитдинова 438-сатыға жайғасты.