Спорт • 18 Мамыр, 2022

«Тараз» ширек финалға шықты

156 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Иранның бас шаһары – Тегеранда өтіп жатқан волейболдан ерлер арасындағы клубтық Азия чемпионатының топтық кезеңі аяқталып, ширек финалға шық­қан командалар белгілі болды.

«Тараз» ширек финалға шықты

Сары құрлық додасында Қазақстанның «Тараз» клубы да өнер көрсетуде. Жерлес­теріміз бірер күн бұрын топтық кезеңнің соңғы матчында Иранның Shahdab Yazd клубынан 1:3 есебімен жеңіліп қалса да, топта екінші орынмен турнирдің ширек финалына жолдама алды.

Енді қазақстандық команда жартылай финалға шығу үшін бүгін Таиландтың Nakhon Ratchasima QminC клубымен шебер­лік байқасады. Сондай-ақ ширек финалда Shahdab Yazd (Иран) – South Gas (Ирак), Tehran Perykan (Иран) – Al-Bahri Sports Club (Ирак), Suntory Sunbirds (Жапония) – Al-Rayyan Sports Club (Катар) командалары өзара сынға түседі. Жартылай финал ойындары 19 мамырға, финал бәсекесі 20 мамырға жоспарланған.

Соңғы жаңалықтар