Хоккей • 18 Мамыр, 2022

Шайбалы хоккейден Қазақстан құрамасы Швейцариядан жеңіліп қалды

21 рет көрсетілді

Шайбалы хоккейден әлем чемпионатында топ-дивизионда Қазақстан құрамасы үшінші ойынын Швейцарияға қарсы өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ойын барысында швейцариялық құрама жинақы қимыл көрсетті. Соған қарамастан бірінші кезеңде есеп ашылған жоқ. Екінші кезеңде швейцариялық Денис Малыгин 23-минутта есеп ашса, Дарио Симьон 34-минутта есепті үстемелей түсті. Үшінші кезеңде швейцариялық құрама басымдықты арттыра түскен еді.

Осындай сәттердің бірінде қазақстандық хоккейші Егор Шалапов айдыннан қуылды. Кем құрамда ойнағанына қарамастан қазақстандық Джесси Блэкер мергендік танытты. Ойынның 55-минутында швейцариялық Фабрис Херцог гол соқса, 57-минутта қазақстандық Валерий Орехов көздеген нысанадан мүлт кеткен жоқ.

Осылайша Қазақстан құрамасы қарсыласынан 2:3 есебімен жеңіліп қалды.



 

Соңғы жаңалықтар

Алматыда үшінші вокзал салынады

Аймақтар • Бүгін, 14:59

Доллар арзандады

Экономика • Бүгін, 14:08

Вакцина салдырғандар саны артты

Коронавирус • Бүгін, 09:18

«Ақтөбе» көш бастады

Футбол • Бүгін, 08:42

Ұқсас жаңалықтар