2022 жылдың 21-22 мамырында Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, жазушы-драматург Ермек Аманшаевтың либреттосы бойынша қойылған «Қорқыт туралы аңыз» атты пластикалық спектакльдің премьерасы өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Түркістан музыкалық драма театрында 21-22 мамыр күндері Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, жазушы-драматург Ермек Аманшаевтың либреттосы бойынша қойылған «Қорқыт туралы аңыз» атты пластикалық спектакльдің премьерасы болады. Қоюшы-режиссері - белгілі Ресейлік балетмейстер, өнертанушы Константин Семенов. Композиторы - дарынды жас композитор Хамит Шанғалиев. Көркемдік жетекшісі - Айнұр Көпбасарова.
Қорқыт ата - түркі халықтарының ортақ рухани абызы, ойшыл, жырау, қобызшы. Қорқыт ата өмірде ізі, артында әдеби-музыкалық мұрасы қалған тарихи тұлға. Қазақ философиясы тарихында Қорқыт ата - ел бірлігін нығайтқан кемеңгер қайраткер, түркі дүниетанымының негізін жасаған ғұлама ойшыл, әлемдік ақыл-ой мәдениетінде өзіндік орны бар философ-гуманист ретінде белгілі. Әрі күйшілік, жыршылық өнерлерінің рухани атасы. Қорқыт Ата мұрасы ЮНЕСКО-ның адамзаттың материалдық емес мәдени мұрасының Репрезентативтік тізіміне енгізілген.
«Қорқыт туралы аңыз» пластикалық спектаклінде жер дүниені алай-дүлей дауылдатып, жауындатып, жай ойнатып, адамдарды үрейге орап дүние келген Қорқыт алып қарағаштан ойып қобыз жасайды. Әлемді қобыз үнімен әлдилеген бабамыз, көрген түсінен шошып, өлімнен қашады. Жерұйық мекенді іздейді. «Қайда барса да, Қорқыттың көріне» кезігіп, ақыры туған жеріне - дүниенің кіндігі саналатын Сыр-Дарияға оралады. Ұлы өнерін өлімге, жалпы, тіршілік дағдарыстарына қарсы қойып, ізгілік пен жасампаздық нұрын шашқан Қорқыт пен жер бетін үйлесімсіздік пен араздықтың алаңына айналдыруға тырысқан пері қызы - Мартудың арасындағы мәңгілік айқас заманауи хореография тілімен әсерлі бейнеленеді. Рухани тамырларымыздың алтын өзектері қандай? Замана ағымындағы шынайы өнер миссиясының сыры неде болмақ? Спектакль осындай мағыналы сұрақтарға жауап іздеп, көрерменге ой салады.
«Қорқыт туралы аңыз» пластикалық спектаклін қоюға көптеген тәжірибелі мамандар атсалысқан. Қойылымның сахна суретшісі – Татьяна Вьюшинская, жарық бойынша суретші – Татьяна Мишина, ол Ресейдің «Золотая маска» ұлттық фестивалінің жеңімпазы, видеоконтент бойынша қоюшы суретші – Сергей Рылко, бірнеше ірі жобаларды сәтті шығарған, костюмдер бойынша талантты суретші – Назым Жайлыбаева және 2021 жылы «Жылдың үздік дизайнері» жүлдесін жеңіп алған дизайнер, суретші, стилист – Назым Қарпықова, декоратор-суретші – Жанат Көкімбеков, балетмейстер – Дәулет Мұратпеков, грим бойынша суретші – Адэль Нұрқасымова.
«Қорқыт туралы аңыз» пластикалық спектаклінде ролдерде ойнайтын кәсіби балет әртістері: Еламан Әбдіқалық, Еркінбек Әубәкіров, Ақылай Сыдығалиева, Алина Ормонбек, Рустам Шайхов, Гүлжанат Қаламғазина, Бақытнұр Дүйсенбаева, Мао Сакаи, Фархад Сәдуақасов, Джозеф Рахимбаев, Дастан Сәттар, Ақтан Асылбашев, Ильяс Джарлыкасымов, Елдос Оспанов, Амина Әбдіқалық, Алуа Төрегелді, Камила Алимжанова, Аяжан Медетхан, Мадина Садубаева.
«Алдағы уақытта да пластикалық спектакльдер көрермен назарына ұсынылады. Өйткені Түркістан музыкалық драма театрындағы балет труппасының шеберлігі мен мүмкіндігі үлкен дүниелерді қоюға қабілетті», деді театр директоры әрі көркемдік жетекшісі Айнұр Көпбасарова.
Үндістанда көшкіннен қаза тапқандар саны 42-ге жетті
Әлем • Бүгін, 17:10
Семейде көпқабатты үйден өрт шықты
Оқиға • Бүгін, 16:52
Аймақтар • Бүгін, 16:42
Алматыда 3 жаңа метро станциясы салынады
Аймақтар • Бүгін, 16:35
Қор нарығында доллар бағасы арзандады
Қаржы • Бүгін, 16:27
CОVID-19: Алматы қаласы қайта «сары» аймаққа өтті
Коронавирус • Бүгін, 16:20
Мемлекет басшысы Еуропа одағының президентін Қазақстанға шақырды
Президент • Бүгін, 16:14
Қырғызстанда қазақтар қауымдастығының экс-басшысы сотталды
Қоғам • Бүгін, 16:06
Атырауда дизель отынын заңсыз сатқандар ұсталды
Аймақтар • Бүгін, 15:55
Жыл басынан бері жол апатынан мыңға жуық адам қаза тапты
Қоғам • Бүгін, 15:44
Қазақстанда Қызыл кітаптың онлайн нұсқасы пайда болады
Қазақстан • Бүгін, 15:34
Әскери гарнизондардан 825 млн теңгенің мүлкі ұрланған
Қазақстан • Бүгін, 15:21
Үндістанда автобус шатқалға құлап, 16 адам қаза тапты
Әлем • Бүгін, 15:16
Алматыда үшінші вокзал салынады
Аймақтар • Бүгін, 14:59
Ресей шекарадағы барлық шектеулерді алып тастайды
Әлем • Бүгін, 14:48
Президент «ҚазМұнайГаз» ҰК басқарма төрағасын қабылдады
Президент • Бүгін, 14:34
Әлихан Смайылов ресейлік ірі компания басшыларымен кездесті
Үкімет • Бүгін, 14:27
Есірткі сатумен айналысқан қылмыстық топ мүшелері ұсталды
Оқиға • Бүгін, 14:18
Экономика • Бүгін, 14:08
Бағаның негізсіз өсуіне жол бермеу керек – Ералы Тоғжанов
Қазақстан • Бүгін, 13:55
Алматыда сауда орталығына тағы «бомба қойылды»
Оқиға • Бүгін, 13:40
Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан Президентімен телефон арқылы сөйлесті
Президент • Бүгін, 13:33
AsiaCredit Bank-тің мүлкін ұрлауға қатысты іс тергеліп жатыр
Қоғам • Бүгін, 13:02
Талдықорғанда қоқыс жәшігінен нәресте табылды
Оқиға • Бүгін, 12:53
Велошерушілер елордаға бет алды
Спорт • Бүгін, 12:43
Ішкі істер органдарында бірқатар тағайындау болды
Қоғам • Бүгін, 12:35
Алдағы күндері ауа райы қандай болады
Ауа райы • Бүгін, 12:28
Қазақстанда қылмыс тыйылмай тұр
Қоғам • Бүгін, 12:19
Мемлекет басшысы Ерлан Қошановты қабылдады
Президент • Бүгін, 12:08
Оқушыларды бұрын сотталған адамдар тасымалдаған – Бас прокуратура
Оқиға • Бүгін, 11:57
Қазақстанда таратылатын 9 банктің салымшылары ақшасын алды
Экономика • Бүгін, 11:49
Құрбан айт: Қазақстанда арнайы сайт іске қосылды
Руханият • Бүгін, 11:37
ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясында Арал теңізінің проблемалары талқыланды
Парламент • Бүгін, 11:28
Ұлыбританияда коронавирус жұқтырғандар көбейді
Коронавирус • Бүгін, 11:13
Биыл 30 мың шақырым жолға арнайы белгілер орнатылады
Қазақстан • Бүгін, 10:53
Мәдениет саласындағы Елбасы стипендиясының атауын өзгерту ұсынылды
Білім • Бүгін, 10:38
Биыл 7,4 мыңнан астам этникалық қазақ қандас мәртебесін алды
Қоғам • Бүгін, 10:19
Елордада тыйым салынған аймақта суға түскен оқушы көз жұмды
Оқиға • Бүгін, 10:08
Ақтауда 109 жедел желісі іске қосылды
Аймақтар • Бүгін, 09:51
Бүгін еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады
Ауа райы • Бүгін, 09:45
Ұқсас жаңалықтар