Қоғам • 18 Мамыр, 2022

35 мыңға жуық ресейлік азамат Қазақстаннан ЖСН алған

296 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР ІІМ баспасөз қызметі Қазақстанға келіп, ЖСН рәсімдеп жатқан Ресей азаматтары жөнінде айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

35 мыңға жуық ресейлік азамат Қазақстаннан ЖСН алған

Желіде ресейлік эстрада әнші Лев Лещенконың Қазақстанға ұшып келіп, жеке сәйкестендіру нөмірін алғаны туралы жаңалықтар қызу талқылануда.

«2022 жылғы 24 ақпан мен 17 мамыр аралығында Ресей Федерациясының 34 960 азаматы Қазақстанға келіп, ЖСН алды», деп нақтылады ҚР ІІМ баспасөз қызметі.

Соңғы жаңалықтар