Қазіргі геосаяси түсініксіздік және қор нарығындағы құбылмалылық жағдайында, сонымен қатар валюта курсының күн сайын өзгеруіне орай инвестициялаудың балама құралдарына деген сұраныс жедел өсіп жатыр. Бұл ретте ең сенімді альтернативті құрал ретінде алтын аталады.

Әлемде де, Қазақстанда да алтынға деген сұраныстың қатты өскені байқалады. 2022 жылдың наурыз айының өзінде ел тұрғындары жалпы салмағы 167,2 кило болатын 8,3 мың алтын құймасын сатып алған. 2021 жылмен салыстырғанда сатылған алтын құймаларының саны 2,9 есе, салмағы 3,5 есе өскен. Жалпы, былтыр салмағы 1,1 тонна болатын 32,3 мың өлшеулі құйма сатып алынған. Өлшеулі құйма нарығы еліміздің бүкіл өңірін қамтиды, негізінен Алматы, Нұр-Сұлтан және Атырауда көбірек сатылды. Алтын құймаларының 5, 10, 20, 50 және 100 грамдағы бес түрі ұсынылған. Сатып алушылар арасында әсіресе 10 грамдық алтын ерекше сұранысқа ие. 2017-2021 жылдар аралығында сатылған алтын арасында 10 грамдық алтынның үлесі 27 пайызды (23,4 мың) құрайды. Еске салайық, Ұлттық банк 2017 жылдан бері халыққа сертификатталған тазартылған алтын құймаларын сатуды бастады. Сатудың басты мақсаты – қаржы жинау үшін қазақстандықтарға қосымша инвестициялық құрал ұсыну.
Қай заманда да алтын – құны жойылмайтын, салмағы жеңілдемейтін стратегиялық актив болып саналады. Егер инвестицияны алтынмен жасар болсаңыз, жинағыңызды инфляциядан қорғап қана қоймай, капиталыңызды еселеп арттыра да аласыз. Мәселен, 2016 жылдан 2022 жылға дейін алтын бағасы 76,4 пайызға қымбаттаған. Осының өзі-ақ алтынның инвестициялаудағы теңдессіз актив боларын көрсетеді. Жалпы алғанда, алтын жоғары өтімділікке ие, ол сізді инфляция мен экономикалық дағдарыстардан қорғайды.
Ұлттық банк шығаратын әрбір алтын құймасы қорғаныс элементтерімен (айна беті, микротекст және бедерлі жиек) жарақталған. Құйма қандай да бір механикалық залалдан сақтайтындай, қорапшаның ашылған-ашылмағанын жедел тексере алатындай қылып арнайы қорапшада шығарылады. Сондай-ақ қорғаныс қорапшасы құйма сапасының сертификаты болып есептеледі.
Қазіргі кезде алтын құймаларын Halyk Bank, «Еуразиялық банк», Jusan Bank және «Банк ЦентрКредит» бөлімшелерінен, сонымен бірге жекелеген банктік емес айырбастау бекеттерінен сатып алып, қайта сатуға болады.
Ұлттық банктің тазартылған құймалар және инвестициялық монеттер нарығын дамыту бойынша Аустралияның Перт қаласындағы теңге сарайының тәжірибесіне сүйене отырып, цифрлы активтерді енгізуі мүмкін. Теңге сарайы InfiniGold компаниясының көмегімен өзінің қоймасын алтынды сақтау, қауіпсіздік және комиссиялық шығындарсыз сатып алғысы келетін қарапайым инвесторға «виртуалды бейнеде» ұсынады. Аустралия үкіметінің кепілдігіндегі сары металды кез келген уақытта кез келген жерде отырып-ақ 0,02 доллар минималды сомасына сатып алуға мүмкіндік бар. Бізде де осындай тәжірибе енгізілсе, онда пайдаланушылар онлайн-платформада Ұлттық банктің инвестициялық құралдарын сатып алғандығы туралы сертификатты сатып алады және сата алады. Бұл ретте нақты инвестициялық құралдар Ұлттық банктің кепілдігімен арнайы қоймада сақталады.
Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 11:52
Алдағы күндері ауа райы қандай болады
Ауа райы • Бүгін, 11:46
Ерболат Досаев алматылықтарға үндеу жасады
Аймақтар • Бүгін, 11:30
Суға шомылу ережесін бұзғандар жауапқа тартылды
Қоғам • Бүгін, 11:25
Бір аптада 3 мыңға жуық қылмыс жасалды
Қазақстан • Бүгін, 11:18
Елімізде коронавирусқа қарсы вакцина алғандар саны 9,5 миллионнан асты
Коронавирус • Бүгін, 11:03
Түркістан облысында екі шетелдік студент суға батып кетті
Оқиға • Бүгін, 10:50
Соғыста қаза тапқан үш қазақстандық жауынгердің сүйегі елге жеткізілді
Аймақтар • Бүгін, 10:35
Коронавирус жұқтырғандар көбейді
Коронавирус • Бүгін, 10:29
Елге 30 тонна қантты заңсыз кіргізбек болған қазақстандық ұсталды
Әлем • Бүгін, 10:23
Елордадағы Президентік клиникада түркиялық дәрігер шеберлік сағатын өткізеді
Медицина • Бүгін, 10:15
Каспий теңізінде үш адам құтқарылды
Аймақтар • Бүгін, 10:08
Дүйсенбіге арналған ауа райы болжамы
Ауа райы • Бүгін, 09:58
Тоқаев осы аптада қандай іс-шараларға қатысады
Президент • Бүгін, 09:50
Өзбекстанда президент өкілеттігі ұзартылады
Әлем • Бүгін, 09:45
ТЖД алматылықтарға үндеу жасады
Қоғам • Бүгін, 09:37
Алматыда мейрамхана өртеніп жатыр
Аймақтар • Бүгін, 09:32
Екі өңірде ауа сапасы нашарлайды
Ауа райы • Бүгін, 09:22
Елордада «Қазақстан Барысы» турнирінің финалы өтеді
Күрес • Бүгін, 09:17
Атырау облысында жол апатынан бес адам қайтыс болды
Аймақтар • Бүгін, 09:04
Қазақстан • Бүгін, 08:34
Спорт • Бүгін, 08:33
Спорт • Бүгін, 08:32
Спорт • Бүгін, 08:30
Түркі әлеміне ортақ оқулықтар әзірленді
Білім • Бүгін, 08:28
Қаржы • Бүгін, 08:26
Құқықтық қатынасты нығайтудың тетіктері
Қазақстан • Бүгін, 08:24
Ахмет Байтұрсынұлы • Бүгін, 08:22
Керамикалық кірпіштің келешегі бар ма?
Экономика • Бүгін, 08:20
Әлем • Бүгін, 08:17
БАҚ жөніндегі заң жобасы талқыланды
Қазақстан • Бүгін, 08:15
Демографиялық және гендерлік саясат: Жаңа мүмкіндіктер жасалады
Қазақстан • Бүгін, 08:10
«Қауіпсіз ел» – қуатты армия кепілі
Қазақстан • Бүгін, 08:07
Заңсыз миграция екі елдің проблемасына айналды
Әлем • Кеше
Еуропалық одақтың құрылымы өзгеруі мүмкін
Әлем • Кеше
Импортты алмастыру қалдықты өңдеуден басталады
Экономика • Кеше
Қазақстан • Кеше
Еңбек биржасындағы түйіндемелердің саны азайды
Қоғам • Кеше
Ұқсас жаңалықтар