Біріккен Араб Әмірліктерінің инвесторлары Екібастұз қаласындағы шағын индустриялық аймақты дамытуға ниетті. Көмірлі шаһарды таңдауы бекер емес. Мұнда жарықпен жарылқайтын ірі электр стансалары орналасқан. Қала берді, моноқалаларды дамыту бағдарламасы шеңберінде бұл өңірге республикалық қазынадан қомақты қаражат бөлінеді.

Жуырда облыс әкімі Әбілқайыр Сқақов Canarax Trading LLP компаниясының құрылтайшылары Нитинг Бхатнагар және Ибраһим Ахмет Абдолла әл Хаммадимен кездесті. Ә.Сқақов Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың инвестициялық жобаларды іске асыруды үдету туралы тапсырмасына сәйкес өңірлік маңызы бар индустриялық аймақты құру бойынша жұмыстар атқарылып жатқанын атап өтті.
– Бұл біздің бірінші кездесу емес. Өткен жылдың наурыз айында Абу-Дабиде біздің өкілдеріміз өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойған еді. Бұдан кейін Екібастұз қаласында өңірлік индустриялық аймақ құрылды. Шағын индустриялық аймақтың жетекші инвесторы ретінде «Canarax Trading» компаниясы шақырылып отыр. Екібастұз қаласының кешенді даму жоспарын бекіту кезінде көмір химиясын дамытуға басымдық бердік. Біз үшін көмір – Екібастұздың басты ресурсы және шикізат базасы, – деді Ә.Сқақов.
Бұл ретте инвесторларға көмір химиясын дамыту бойынша көмір күлін қалдықсыз қайта өңдеу технологиясының, шайынды суларды тазалау үшін ардсорбенттер әзірлеудің дайын патенттері бар химия және көмір институтымен әріптестік байланыс құру ұсынылды.
Компанияның құрылтайшысы Нитин Бхатнагар пандемия кезеңінде Қазақстанмен байланыс орнату қиынға соққанын, қазір бірлескен жобаларды жүзеге асыруға мүмкіндік мол екенін айтты. «Біз индустриялық аймақты жүзеге асыру бойынша жұмыс жүргізіп, әлеуетті инвесторлармен кездестік. Екібастұздағы шағын индустриялық аймақтың табысты жұмыс істеуін міндетімізге аламыз», деді ол.
Қазірдің өзінде инвесторлар Екібастұз қаласында және «Астана» халықаралық қаржы орталығында «Canarax Ekibastuz Industrial Zone» ЖШС-ін тіркеп үлгерген. Кейін индустриялық аймақтың басқарушы компаниясы ретінде жұмысын жалғастыратын болады.
Павлодар облысы
Елордадағы Президентік клиникада түркиялық дәрігер шеберлік сағатын өткізеді
Медицина • Бүгін, 10:15
Каспий теңізінде үш адам құтқарылды
Аймақтар • Бүгін, 10:08
Дүйсенбіге арналған ауа райы болжамы
Ауа райы • Бүгін, 09:58
Тоқаев осы аптада қандай іс-шараларға қатысады
Президент • Бүгін, 09:50
Өзбекстанда президент өкілеттігі ұзартылады
Әлем • Бүгін, 09:45
ТЖД алматылықтарға үндеу жасады
Қоғам • Бүгін, 09:37
Алматыда мейрамхана өртеніп жатыр
Аймақтар • Бүгін, 09:32
Екі өңірде ауа сапасы нашарлайды
Ауа райы • Бүгін, 09:22
Елордада «Қазақстан Барысы» турнирінің финалы өтеді
Күрес • Бүгін, 09:17
Атырау облысында жол апатынан бес адам қайтыс болды
Аймақтар • Бүгін, 09:04
Қазақстан • Бүгін, 08:34
Спорт • Бүгін, 08:33
Спорт • Бүгін, 08:32
Спорт • Бүгін, 08:30
Түркі әлеміне ортақ оқулықтар әзірленді
Білім • Бүгін, 08:28
Қаржы • Бүгін, 08:26
Құқықтық қатынасты нығайтудың тетіктері
Қазақстан • Бүгін, 08:24
Ахмет Байтұрсынұлы • Бүгін, 08:22
Керамикалық кірпіштің келешегі бар ма?
Экономика • Бүгін, 08:20
Әлем • Бүгін, 08:17
БАҚ жөніндегі заң жобасы талқыланды
Қазақстан • Бүгін, 08:15
Демографиялық және гендерлік саясат: Жаңа мүмкіндіктер жасалады
Қазақстан • Бүгін, 08:10
«Қауіпсіз ел» – қуатты армия кепілі
Қазақстан • Бүгін, 08:07
Заңсыз миграция екі елдің проблемасына айналды
Әлем • Кеше
Еуропалық одақтың құрылымы өзгеруі мүмкін
Әлем • Кеше
Импортты алмастыру қалдықты өңдеуден басталады
Экономика • Кеше
Қазақстан • Кеше
Еңбек биржасындағы түйіндемелердің саны азайды
Қоғам • Кеше
Қоғам • Кеше
Банктер экожүйесінің дамуы көңіл көншіте ме?
Қаржы • Кеше
GGG – CANELO: Ер кезегі үшке дейін...
Кәсіпқой бокс • Кеше
Amanat медиа сыйлығы: Кіл мықтыдан кім мықты анықталды
Қазақстан • Кеше
Алаш ардақтысын түркі әлемі ұлықтады
Ахмет Байтұрсынұлы • Кеше
Шабандоз тақым қысып оқитын жыр
Әдебиет • Кеше
Әдебиет • Кеше
Спорт • Кеше
Әдебиет • Кеше
Егемен Қазақстан • Кеше
Ұқсас жаңалықтар