Финляндия астанасы – Хельсинки мен Тампере қалаларында өтіп жатқан шайбалы хоккейден әлем чемпионатының топтық кезеңдегі үшінші тур ойындары аяқталды. Бұл турда Қазақстан ұлттық құрамасының хоккейшілері әлемдік додаға қатысып жатқан елдер арасындағы рейтингте көш бастап тұрған Швейцариямен шеберлік байқасты. Аса тартысты өткен кездесуде жерлестеріміз бір шайба айырмашылығымен жеңіліп қалды – 3:2.

Швейцария құрамасы алғашқы екі турда Италия (5:2) мен Дания (6:0) құрамаларын ірі есеппен қапы қалдырғаннан кейін шайбалы хоккей мамандары үшінші тур алдында олар Қазақстанды да қалпақпен ұрып алады деп болжам жасаған еді. Алайда әр тур сайын ойыны қалыптасып келе жатқан қазақстандық хоккейшілер бұл жолы «А» тобының турнир кестесінде екінші орында тұрған швейцариялықтарға лайықты қарсылық көрсетті. Тіпті алғашқы 20 минутта жерлестеріміз Швейцариямен тең түсіп, қарсыластардың шайба соғуына мүмкіндік бермеді. Патрик Фишер шәкірттері алғашқы екі турдың бірінші кезеңінде-ақ Италия қақпасына – бір, Данияға үш шайба соққанымен, бұл жолы Шутов қақпасынан саңылау таба алмай, әбден пұшайман болды.
Алайда екінші кезеңді өте белсенді бастаған швейцариялық хоккейшілер кездесудің 24-минутында есеп ашты. Голдың авторы – Денис Мальгин. Қазақстандық хоккейшілерде осы кезеңнің өзінде-ақ таразы басын теңестіретін керемет мүмкіндіктер болғанымен, соңғы сәтте жиі мүлт кетіп жатты. Есесіне кезеңнің соңына таман Дарио Симион есепті еселеп кетті – 2:0. Екінші айналымда соғылған екінші шайба қорғаушы Самат Даниярдың қателігінен кейін Андрей Шутов қорғаған қақпа торынан табылды.
Үшінші кезеңнің 46-минутында біздің құрама мұзайдында бір ойыншы кем ойнаса да, есеп айырмасын қысқартуға мүмкіндік алды. Кезекті қарсы шабуыл кезінде қорғаушы Джесси Блэкер шайбаны өз аймағынан қарсыластың аймағына дейін апарып, орта қашықтықтан қақпаға бағыттаған шайбасының алдында швейцариялық қорғаушылар да, қақпашы да дәрменсіз қалды – 2:1. Бірақ арада көп өтпей Швейцария құрамасы есеп айырмасын қайта ұлғайтты – 3:1. Матчтың 56-минутында Даниэль Герцог өз командасының басымдығын арттырғанымен, ойынның аяқталуына екі минут қалғанда қазақстандық қорғаушы Валерий Орехов құраманың екінші шайбасын соқты. Таразы басын теңестіру үшін Юрий Михайлис ойынның соңғы минуттарында қақпашының орнына алтыншы ойыншыны шығарғанымен, онысы бәрібір нәтиже бермеді.
Қазақстан құрамасы бұл ойында жеңілсе де, алдыңғы екі матчпен салыстырғанда тәуір ойын көрсетті. Қақпашы Андрей Шутовтың да кешегі ойында жасаған ерлігін ерекше атап өткен жөн. Ол 60 минутта қарсыластың 40 соққысын қайтара білді. Ал бұл ойында Қазақстан құрамасының ең үздік ойыншысы деп қорғаушы Валерий Орехов танылды. Оған марапатты осы ойынды тамашалауға барған Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев тапсырды.
Матч аяқталған соң Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Юрий Михайлис былай деді: «Бүгін екі құрама да жақсы ойын көрсетті. Жігіттер мұзайдынға көтеріңкі көңіл күймен жеңіске жетеміз деген құлшыныспен шықты. Оны өздеріңіз де байқадыңыздар деп ойлаймын. Барлық хоккейші ойынның әр сәтінде жеңіске жету үшін барын салды. Бізде шайба соғып, таразы басын өзімізге қарай аударатын жақсы мүмкіндіктер болды. Бірақ шабуылдың нүктесін қоятын ойыншы табылмай жатты. Ал біздің қақпаға голдың бәрі өз қателігіміздің салдарынан соғылды. Десе де жігіттер еңсесін түсірмей, соңғы минутқа дейін барын салды».
Топтағы өзге ойындарға тоқтасақ, Канада Словакияны жеңсе (5:1), Дания хоккейшілері италиялықтардан бір шайба айырмашылығымен басым түсті (2:1). Германия құрамасы да Францияны 3:2 есебімен ұтты. «А» тобының турнир кестесінде Швейцария мен Канада құрамалары 9 ұпаймен көш бастап тұр. Қазақстан құрамасы келесі кездесуін бүгін дәл осы Үйеңкі жапырақтары елінің командасымен өткізеді. Матч елорда уақытымен 23:20-да басталады.
«В» тобының турнир кестесінде де екі құрама көш бастап келеді. Швеция үшінші турда Ұлыбританияны 6:0 есебімен жеңсе, Финляндия АҚШ-тан айласын асырды (4:1). Бұл құрамаларда 9 ұпайдан бар. Аустрия буллит сериясында Чехиядан (2:1), Латвия Норвегиядан басым түсіп (3:2), чемпионаттағы алғашқы жеңістеріне қол жеткізді.
Ертең еліміздің бірнеше өңірінде 38-41 градус ыстық болады
Ауа райы • Бүгін, 19:32
Жібек Құламбаева Сербияда өткен теннис жарысының жеңімпазы атанды
Теннис • Бүгін, 18:31
Алтын-Емел табиғи паркінде жабайы қабандар фототұзаққа түсіп қалды
Аймақтар • Бүгін, 17:35
Қазақстан мен Қытай арадағы әуе қатынасты қайта жандандырады
Қазақстан • Бүгін, 16:37
Ақмола облысында суға батып бара жатқан үш жасөспірім құтқарылды
Аймақтар • Бүгін, 15:50
Таэквондодан Азия біріншілігінде Қазақстан қос медаль еншіледі
Спорт • Бүгін, 15:28
АҚШ, Канада, Ұлыбритания, Жапония Ресейден алтын сатып алуға шектеу енгізбек
Әлем • Бүгін, 14:38
Шавкат Рахмоновтың келесі қарсыласы белгілі болды
Спорт • Бүгін, 13:49
Ақмола облысында қатты жел мектеп пен тұрғын үйлердің шатырын ұшырды
Аймақтар • Бүгін, 13:37
Атырау-Орал тас жолында ірі жол апаты болды
Оқиға • Бүгін, 12:48
Елімізде қанша адам коронавирусқа қарсы вакцина салдырды
Коронавирус • Бүгін, 12:22
Шавкат Рахмонов UFC-дегі төртінші жекпе-жегінде жеңіске жетті
Спорт • Бүгін, 11:40
Өскемен тұрғынынан ақша бопсалаған ер адам ұсталды
Аймақтар • Бүгін, 11:20
UFC: Қазақстандық Сергей Морозов жеңіске жетті
Спорт • Бүгін, 10:33
Өткен тәулікте 66 адам коронавирус жұқтырды
Коронавирус • Бүгін, 09:50
Бельгияда коронавирусқа қарсы екпе салу қайта басталмақ
Коронавирус • Бүгін, 09:05
Қазақстан мен Қытайда екі елдің Мәдениет орталықтары ашылады
Қазақстан • Кеше
Елордада жөндеу жұмыстарына байланысты жол жабылады
Елорда • Кеше
Польшада Қазақстанның Құрметті консулдығы ашылды
Әлем • Кеше
Ертең еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады
Ауа райы • Кеше
БҚО-да көлде ағып кеткен бала үш күннен кейін табылды
Аймақтар • Кеше
Қанат Таймерденов жаңа қызметке тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Үкімет басшысы қант бағасын реттеуді тапсырды
Үкімет • Кеше
ҰҚК Шекара қызметінің экс-басшысы қамауға алынды
Қоғам • Кеше
Президенттің БАҚ саласындағы сыйлықтары мен гранттары табысталды
Президент • Кеше
Президент АХҚО басқарушысы Қайрат Келімбетовті қабылдады
Президент • Кеше
Елімізде коронавирус жұқтырғандардың саны артты
Коронавирус • Кеше
Ақтөбе облысында 6 ірі су қоймасы салынады
Аймақтар • Кеше
Алматы әкімдігінің құрылымы өзгерді
Аймақтар • 24 Маусым, 2022
Абиба Әбужақынова «Grand Slam» турнирінде қола жүлде алды
Күрес • 24 Маусым, 2022
«AMANAT» – 2022 медиа сыйлығының жеңімпаздары анықталды
Қоғам • 24 Маусым, 2022
Оқиға • 24 Маусым, 2022
«Егемен Қазақстан» газетінің тілшісі AMANAT медиа сыйлығын иеленді
Егемен Қазақстан • 24 Маусым, 2022
«IQanat» қоры ауыл оқушыларының сапалы білім алуға қолжетімділігін арттырады
Білім • 24 Маусым, 2022
Мәдениет қызметкерлерінің жалақысы өседі
Қоғам • 24 Маусым, 2022
Тоқаев Си Цзиньпин ұсынған Жаһандық қауіпсіздік бастамаларын қолдады
Президент • 24 Маусым, 2022
Қасым-Жомарт Тоқаев инфляцияның өсуі өзекті мәселе екенін атап өтті
Президент • 24 Маусым, 2022
Ұқсас жаңалықтар