Спорт • 19 Мамыр, 2022

Көш басында өзгеріс жоқ

180 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Екінші демалыс күнінен кейін қайта жалғасқан «Джиро д’Италия» вело­көп­күндігінің 10-кезеңі мәресіне жет­ті. Жаппай спринтте аяқталған бұл ке­зеңде 22 жастағы Биниам Гирмай топ жарды.

Көш басында өзгеріс жоқ

Пескара мен Ези қалаларын жалғаған 196 шақырымдық жолды Intermarche-Wanty-Gobert Materiaux командасының эритреялық велошабандозы 4 сағат 32 минут 7 секундта жүріп өтті. Жеңімпазбен мәре сызығын бірге кескен «астаналық» Фабио Феллини мен Винченцо Нибали 12 және 15-орындарға жайғасты.

10-кезеңнен кейін де жалпы есептегі үздіктер өзгеріссіз қалды. Хуан-Педро Лопес (Trek-Segafredo), Джоау Альмейда (UAE Team Emirates) және Ромен Барде (Team DSM) бұрынғыша алғашқы үш орынды өзара бөлісіп келеді. Ал «Астана» велокомандасының өкілі Винченцо Нибали 13-орында тұр.