«Қала құраушы кәсіпорындардың орнықты жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін моноқалаларға жақын орналасқан, экономикасының негізін тау-кен металлургия кешені құрайтын Риддер, Хромтау, Жезқазған, Теміртау және Балқаш сиқты 7 перспективалы учаскеде іздестіру жұмыстары жүргізілуде», деді Геология комитетінің басшысы.
Сондай-ақ ол әлемде сирек кездесетін металдарға, оның ішінде литийге сұраныстың артқанын айтты.
«Шикізаттың осы аталған түрлерін анықтауға ерекше назар аударылып отыр. Атап айтқанда биыл Шығыс Қазақстан облысындағы «Қараяқ» және «Монша» учаскелерінде сирек кездесетін металдарды анықтау жұмыстары жалғасуда. 12 жаңа учаскеде сирек кездесетін металдарды анықтау перспективаларын айқындау бойынша жұмыстарды бастау жоспарланып отыр», деді Талғат Сатиев.