Бизнес • 19 Мамыр, 2022

Кәсіпкерлеріміз мемлекет мүддесін жоғары қоя білуі керек - Президент

295 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев отандық бизнес өкілдерімен кездесуінде айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Кәсіпкерлеріміз мемлекет мүддесін жоғары қоя білуі керек - Президент

«Өткен жолғы басқосуда өзара пікір алмасып, жаңа ұстанымдарды айқындадық. Бірлесе жұмыс істеудің жолдарын нақтыладық.  Мен бірқатар тапсырма бердім. Төрт ай деген аса көп уақыт емес. Бірақ, осы аралықта ел ішінде және әлемде талай нәрсе өзгерді», деді Мемлекет басшысы. 

Сондай-ақ ол Жаңа Қазақстанды құруға кірісіп кеткенін жеткізді. 

«Түптеп келгенде, келешегіміз экономиканың мықты болуына байланысты. Осы орайда, кәсіпкерлеріміз мемлекет мүддесін жоғары қоя білуі керек», деді Президент.