Бүгін Ыстанбұлда өтіп жатқан әйелдер арасындағы әлем чемпионаты өз мәресіне жетеді. Қазақстан құрамасы бұл жарысты бес жүлдемен қорытындылады. Атап айтсақ, Жайна Шекербекова, Дина Жоламан, Карина Ибрагимова және Валентина Хальзова қола медальды қанағат тұтса, кеше түнде Алуа Балқыбекова бас жүлде үшін таласты. Финалдық бәсекеде ол жергілікті боксшы Айша Чагирирмен шаршы алаңға шығып, 2:3 есебімен жеңілуге мәжбүр болды. Финалдық жекпе-жектердің қалай аяқталғаны жайында газетіміздің келесі санында толық ақпарат береміз.

Әлем чемпионатында бес жүлде алу өте жақсы көрсеткіш екені еш дау туғызбайды. Әдетте жерлестеріміз аталған жарыста екі-үш медальды еншілеумен ғана шектелуде. Қазақстанның әйелдер құрамасы өзінің ең зор табысына осыдан алты жыл бұрын Астанада қол жеткізді. 2016 жылы жалауы желбіреген жарыста 4 алтын мен 2 қола медальды иеленіп, жалпы командалық есепте көш бастаған едік. Міне, енді Ыстанбұлда бес боксшымыз жеңіс тұғырына көтерілді. Десек те қазақ жанкүйерлерінің бұл көрсеткішке «көңілі толды» немесе «бөріктерін аспанға атып қуанды» деп айта алмаймыз. Осылайша ой қорытуымыздың өзіндік себептері де бар.
Біріншіден, Анадолы еліне сапар шеккен 12 былғары қолғап шеберіміздің тең жартысы тұсаукесер кездесуінде сүрінді. Өзгелерді айтпағанда, Назым Қызайбай (50 кило) мен Дариға Шәкімованың (66 кило) шабысынан жаңылғанын түсіне алмадық. Алғашқысы – әлемнің екі дүркін чемпионы, сол жарыстың қола жүлдегері, Азия біріншілігінің жеңімпазы. Екіншісі – Рио Олимпиадасының қола жүлдегері, Азияның екі дүркін чемпионы. Иә, Қызайбайдың қарсыласы мықты болғаны рас. Колумбиялық Ингрит Валенсияның осыдан алты жыл бұрын Рио-де-Жанейрода алауы тұтанған Олимпия ойындарында үшінші орынға табан тірегені есімізде. Бірақ қандасымыз да қара жаяу емес. Оның да атағы дардай. Және де Назым одан бақандай бес жас кіші. Сол 33 жастағы ардагер спортшыны ел мақтанышына айналған боксшымыздың сан соқтыра алмағаны таңғалдырды.
Даңқты Дариға Шәкімованың есімі көпшілікке беймәлім Навбахор Хамидовамен күш сынасатынын естігенде, оның «екі аяғын бір етікке тығатын шығар» деп ойладық. Бірақ өзбек қызы осал болмай шықты. Ол алдап-арбап жүріп-ақ, Шәкімованы шаң қаптырып кетті.
Атағы алысқа жайылған Ләззат Күнгейбаева (81 кило) сүрінгенде, тіпті айтарға сөз таба алмай қалдық. Аса ауыр салмақта айқасып жүрген жерлесіміз кезінде әлем және Азия чемпионы, әлем чемпионатының финалисі, құрлық біріншілігінің төрт дүркін жүлдегері атанды. 34 жастағы боксшымыз түркиялық Шенур Демирмен шеберлік байқасты. Ол да әлем және Еуропа чемпионаттарында екі реттен жеңіс тұғырына көтерілген сақа спортшы. Екеуара айқас өте шиеленісті өтті. Төрешілердің жергілікті боксшыға бүйректері бұрғаны рас. Бірақ Күнгейбаеваның 40 жастағы қарсыласын қапы қалдыратындай жөні бар еді. Сол секілді Токио Олимпиадасына қатысқан Надежда Рябец (75 кило) және талай дүрмекте ысылған Римма Волосенко (60 кило) мен жас дарын Аида Әбікеевадан (63 кило) да еш қайыр болмады.
Жартылай финалға жолдама алған бес боксшымыздың төртеуі жеңілістің кермек дәмін татқанда да көңіліміз қатты құлазыды. Әсіресе, екі бірдей әлем чемпионы – Дина Жоламан (54 кило) мен Валентина Хальзоваға (70 кило) айрықша сенім арттық. Екеуінің де қарсыластары аса қарулы емес еді. Дина румыниялық Лакрамиоара Перишочтің «жетегінде» кетті. Валентина мозамбиктік Алсинда Хелена Пангуаны жап-жақсы сабап жатып, қапияда нокдаунға түсіп қалды. Сол нокдаун бәсекенің тағдырын шешті. Сол секілді Жайна Шекербекова (52 кило) мен Карина Ибрагимова (57 кило) да кеңінен көсіле алған жоқ.
Жарыс қорытындысы бойынша Түркияның – жеті, Қазақстанның – бес, Таиланд пен Үндістанның – үш, Өзбекстан, Бразилия, Италия, Ирландия, Алжир, Канада, Мозамбик, Польшаның – екі, Болгария, Аргентина, Испания, Колумбия, Румыния, Тайпей, Косово, АҚШ, Панама, Франция, Аустралия, Литва, Марокко және Нидерландтың бір боксшысы жартылай финалда күш сынасты. Аталған жарыста жеңіп алған жүлделердің саны бойынша жерлестеріміз екінші орынды иеленді. Әрине, бұл – жақсы нәтиже. Алайда бізді алаңдатып отырғаны – алтынның жоқтығы. Яғни сапаның төмендігі.
Вакцина салдырған қазақстандықтардың саны нақтыланды
Коронавирус • Бүгін, 13:22
Алматы маңында жер сілкінісі болды
Аймақтар • Бүгін, 12:57
Коронавирус жұқтырудың 188 жағдайы анықталды
Коронавирус • Бүгін, 12:20
Кәсіпкерден 50 млн теңге бопсалаған блогер қамауға алынды
ANTIKOR • Бүгін, 11:10
Елордада ауылшаруашылық жәрмеңкелері өтіп жатыр
Елорда • Бүгін, 09:37
Президент қазақстандықтарды Ұлттық домбыра күнімен құттықтады
Президент • Бүгін, 09:09
Қазақстан • Бүгін, 08:50
51,4 мыңға жуық адам әлеуметтік төлем алды
Қоғам • Кеше
Футболдан Қазақстан чемпионаты: «Ақтөбе» топ жарды
Футбол • Кеше
Елордада екі автобустың бағыты уақытша өзгереді
Елорда • Кеше
Ирандағы жер сілкінісінен бес адам көз жұмды
Әлем • Кеше
Алматыдағы Сайран көлі құрғатылады
Экология • Кеше
Алматыдағы «Алтын-Орда» базары маңында дәмхана өртенді
Аймақтар • Кеше
Бүгін Қазақстан әскери-әуе күштерінің құрылған күні
Қазақстан • Кеше
Мүлік иелері бірлестігіне көшудің механизмі түсіндірілді
Қазақстан • Кеше
Қазақстан-Люксембург дипломатиялық қатынасына 30 жыл толды
Қазақстан • Кеше
Жетісу өңірінен шыққан қос тұлғаға ескерткіш орнатылды
Аймақтар • Кеше
Президент Алматы әкімін қабылдады
Президент • Кеше
Қазақстанның дипломатиялық қызметіне – 30 жыл
Қазақстан • Кеше
«Қазфосфат» кәсіпорында 2 жұмысшы мерт болды
Қоғам • Кеше
Алматы мен Ақтөбеде ауа сапасы нашарлайды
Ауа райы • Кеше
Иранда 6 балдық жер сілкінісі болды
Әлем • Кеше
Өткен тәулікте 187 адам індет жұқтырды
Коронавирус • Кеше
Бүгін ақын Мұхтар Шаханов 80 жасқа толды
Қазақстан • Кеше
Елордада субұрқақтан энтеровирус анықталды
Елорда • 01 Шілде, 2022
Мақтаарал тұрғыны ауласынан адам сүйегін тауып алды
Оқиға • 01 Шілде, 2022
2500-ден астам домбырашы қазақтың танымал күйлерін бір мезетте орындады
Өнер • 01 Шілде, 2022
Өскеменде 4,3 млн теңге жымқырған есепші ұсталды
Оқиға • 01 Шілде, 2022
Отандық кәсіпкерлер кеңесінің отырысы жаңа форматта өтті
Үкімет • 01 Шілде, 2022
Қарағандыда ғарыш мониторингі базада тіркелмеген 11 мың жер учаскесін тапты
Аймақтар • 01 Шілде, 2022
Бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Ауа райы • 01 Шілде, 2022
Ұқсас жаңалықтар