Санаулы күндерден кейін футболдан УЕФА Ұлттар лигасының 2022/23 жылғы жаңа маусымы басталады. Биыл үшінші мәрте ұйымдастырылып жатқан доп додасының жалауы маусым айында желбірейді. Аталған турнирде Қазақстан ұлттық құрамасы «С» дивизионының 3-тобында Словакия, Әзербайжан және Беларусь құрамаларымен ойнайды.

Қазақстан футбол федерациясы баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, 2022 жылғы футбол күнтізбесінің ерекшелігіне байланысты біздің құрама маусым айында төрт матч өткізеді – екеуі өз елімізде, екеуі сырт алаңда. Жерлестеріміз Ұлттар лигасындағы алғашқы ойынын 3 маусым күні Нұр-Сұлтанда Әзербайжан құрамасымен өткізеді. «Астана Аренадағы» матч елорда уақытымен 20:00-де басталады.
Араға үш күн салып Қазақстан құрамасы екінші тур ойынын өткізу үшін Словакияға сапар шегеді. Кездесу Трнава қаласындағы «Антон Малатинский» стадионында Нұр-Сұлтан уақытымен 6 маусымнан 7 маусымға қараған түні сағат 00:45-ке жоспарланған.
Ал 10 маусымда қазақстандықтар Беларусь футболшыларымен шеберлік байқасады. Алайда матч УЕФА Атқару комитетінің шешімі бойынша, бейтарап аумақта, яғни Сербияның Нови-Сад қаласындағы «Караджорже» стадионында өтеді. Өкінішке қарай, стадионнан ойынды тамашалауға жанкүйерлерге тыйым салынған. Үшінші турдың матчы Нұр-Сұлтан уақытымен 10 маусымнан 11 маусымға қараған түні сағат 00:45-те өтеді.
Қазақстан құрамасы маусым айына жоспарланған төрт ойынның соңғысын 13 маусымда Словакиямен үйде өткізеді. Матч елорда уақытымен 20:00-де «Астана Аренада» басталады. Айта кетейік, Ұлттар лигасының топтық кезеңінің қорытынды ойындары күзде болмақ. 22 қыркүйекте Қазақстан құрамасы Беларусь құрамасын қабылдайды, ал үш күннен кейін біздің команда сырт алаңда Әзербайжанмен ойнайды.
Бірер күн бұрын Қазақстан ұлттық құрамасының жаңадан тағайындалған бас бапкері Магомед Адиев Ұлттар лигасы осы ойындарға шақыртылған ойыншылардың кеңейтілген тізімін жариялады. Магомед Адиев бас бапкер ретінде алғашқы жиынға мына футболшыларды шақырды. Олар: Қақпашылар – Игорь Шацкий («Шахтер»), Мұхаммеджан Сейсен («Тараз»), Бекхан Шайзада («Ордабасы»), Стас Покатилов («Ақтөбе»);
Қорғаушылар – Сергей Малый, Александр Марочкин, Бағдат Қайыров (барлығы – «Тобыл»), Юрий Логвиненко, Темірлан Ерланов (екеуі де – «Ақтөбе»), Марат Быстров («Ахмат», Ресей), Нұралы Әліп («Зенит», Ресей), Елдос Ахметов («Тараз»), Михаил Габышев («Шахтер»), Талғат Көсепов («Астана»);
Жартылай қорғаушылар – Асхат Тағыберген, Владислав Васильев, Самат Жарынбетов (барлығы – «Тобыл»), Аслан Дарабаев, Исламбек Қуат (екеуі де – «Астана»), Думан Нәрзілдаев («Каспий»), Тимур Досмағамбетов («Шахтер»), Ян Вороговский («Моленбек», Бельгия), Ғафуржан Сүйімбаев («Ақсу»), Эльхан Астанов («Ордабасы»), Бауыржан Байтана («Тараз»), Рамазан Оразов, Максим Самородов, Арман Кеңесов (барлығы – «Ақтөбе»);
Шабуылшылар – Артур Шушеначев («Қайрат»), Абат Айымбетов («Астана»), Айбар Жақсылықов («Тобыл»), Абылайхан Жұмабек («Тараз»).
Сонымен қатар Қазақстан ұлттық құрамасының бапкерлер құрамы да белгілі болды. Бас бапкер Магомед Адиевке қазақстандық жас мамандар Евгений Коструб пен Руслан Балтиев және ресейлік Арслан Халимбеков көмектеседі. Ал бұған дейін «Шахтердің» қақпашыларын баптаған Валерий Ситало енді ұлттық құраманың қақпашыларына жауапты болады.
Бұған дейінгі оқу-жаттығу жиындарына шақырылған футболшылардың денін «Астана» мен «Қайрат» клубтарының ойыншылары құрайтын. Ал Адиев қазір «Тобыл» мен «Ақтөбе» ойыншыларына арқа сүйейтінін аңғартты. Мәселен, бұл жиынға «Тобылдың» – жеті, «Ақтөбенің» алты футболшысы шақырылды. 11 турдан кейін ел біріншілігінде көш бастап тұрған «Тараз» бен екінші орындағы «Астанадан» төрт ойыншыдан бар. «Ордабасыдан» – екі, «Қайрат» пен «Каспийден» бір-бір футболшыдан шақырылып отыр.
Қазақстан мен Қытайда екі елдің Мәдениет орталықтары ашылады
Қазақстан • Кеше
Елордада жөндеу жұмыстарына байланысты жол жабылады
Елорда • Кеше
Польшада Қазақстанның Құрметті консулдығы ашылды
Әлем • Кеше
Ертең еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады
Ауа райы • Кеше
БҚО-да көлде ағып кеткен бала үш күннен кейін табылды
Аймақтар • Кеше
Қанат Таймерденов жаңа қызметке тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Үкімет басшысы қант бағасын реттеуді тапсырды
Үкімет • Кеше
ҰҚК Шекара қызметінің экс-басшысы қамауға алынды
Қоғам • Кеше
Президенттің БАҚ саласындағы сыйлықтары мен гранттары табысталды
Президент • Кеше
Президент АХҚО басқарушысы Қайрат Келімбетовті қабылдады
Президент • Кеше
Елімізде коронавирус жұқтырғандардың саны артты
Коронавирус • Кеше
Ақтөбе облысында 6 ірі су қоймасы салынады
Аймақтар • Кеше
Алматы әкімдігінің құрылымы өзгерді
Аймақтар • 24 Маусым, 2022
Абиба Әбужақынова «Grand Slam» турнирінде қола жүлде алды
Күрес • 24 Маусым, 2022
«AMANAT» – 2022 медиа сыйлығының жеңімпаздары анықталды
Қоғам • 24 Маусым, 2022
Оқиға • 24 Маусым, 2022
«Егемен Қазақстан» газетінің тілшісі AMANAT медиа сыйлығын иеленді
Егемен Қазақстан • 24 Маусым, 2022
«IQanat» қоры ауыл оқушыларының сапалы білім алуға қолжетімділігін арттырады
Білім • 24 Маусым, 2022
Мәдениет қызметкерлерінің жалақысы өседі
Қоғам • 24 Маусым, 2022
Тоқаев Си Цзиньпин ұсынған Жаһандық қауіпсіздік бастамаларын қолдады
Президент • 24 Маусым, 2022
Қасым-Жомарт Тоқаев инфляцияның өсуі өзекті мәселе екенін атап өтті
Президент • 24 Маусым, 2022
Әлемде азық-түлік мәселесіне қатысты жағдай күрделеніп кетті - Тоқаев
Президент • 24 Маусым, 2022
Қасым-Жомарт Тоқаев БРИКС+ ұйымының жаһандық даму жөніндегі диалогына қатысты
Президент • 24 Маусым, 2022
Ұлттық банк рубльдің нығаю себебін түсіндірді
Экономика • 24 Маусым, 2022
Қостанайда VII «Бұқаралық спорт Олимпиадасы» аяқталды
Спорт • 24 Маусым, 2022
Өзбекстан Түркі академиясы ұйымына бақылаушы мәртебесін алды
Қоғам • 24 Маусым, 2022
Мәулен Әшімбаев: Реформалардың басты мақсаты – әділетті Қазақстан құру
Парламент • 24 Маусым, 2022
Петропавлда Қазақстан полициясының құрдасы қызмет етеді
Аймақтар • 24 Маусым, 2022
Парламент • 24 Маусым, 2022
Америкада қоғамдық орында қару ұстауға рұқсат берілді
Әлем • 24 Маусым, 2022
Флоридада су астына сүңгу кезінде екі адам қайтыс болды
Әлем • 24 Маусым, 2022
ШҚО тұрғындарынан мина мен қару тәркіленді
Аймақтар • 24 Маусым, 2022
Бүгін әлемде 400 мыңға жуық адамнан коронавирус анықталды
Коронавирус • 24 Маусым, 2022
Президент ФИДЕ-нің ең жас чемпионы Малика Зиядинді құттықтады
Президент • 24 Маусым, 2022
Антикор Нұрлан Мәсімов туралы мәлімет үшін сыйақы жариялады
ANTIKOR • 24 Маусым, 2022
72 жастағы қария Ұлытаудан Павлодарға дейін жаяу жүрген
Қоғам • 24 Маусым, 2022
Жеті жасар қазақстандық шахматшы ФИДЕ-нің әлем чемпионы атанды
Спорт • 24 Маусым, 2022
Ұқсас жаңалықтар