Аймақтар • 20 Мамыр, 2022

Ақмола облысында санитарлық талаптарды сақтамаған мектептер анықталды

189 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақмола облысында 135 мектепте санитарлық талаптардың сақталмағаны анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ақмола облысында санитарлық талаптарды сақтамаған мектептер анықталды

Облыстық прокуратураның мәліметінше, өңірдің прокуратура органдары жалпы білім беретін мектептердің сабақтар мен ауысымдар арасындағы үзілістер кезінде санитариялық қағидалардың сақтаулына талдау жүргізді. Оның қорытындысы бойынша облыс мектептерінің әкімшіліктері демалыс уақытын айтарлықтай қысқартқан, сабақтар арасындағы үзіліс кезінде демалыс ұзақтығы бойынша санитарлық нормаларды бұзуға жол берген.

Сондай-ақ оқу кабинеттерін тазалау және ауаны тазарту үшін жоғары және төменгі сынып оқушыларының ауысымдары арасындағы үзіліс ұзақтығы сақтамалмаған. Бұдан басқа бірінші сынып оқушылары үшін оқу сабақтары режимінің сәйкессіздігі анықталды.

«Облыстың 37 мыңнан астам оқушысы білім алып жатқан, 135 мектепте санитарлық талаптардың сақталмауына жол берілген. Талдау қорытындысы бойынша прокурорлық қадағалау актілері енгізіліп, 120 лауазымды тұлға тәртіптік жазаға тартылды, көрсетілген саладағы анықталған заң бұзушылықтар жойылды», деді ведомстводан.

Соңғы жаңалықтар

Жыл камбэгі

Әлем • Кеше

Малсақ қауымның мұраты

Шаруашылық • Кеше

Қос ауылдың қуанышы

Аймақтар • Кеше

Жирен аң қашан келеді

Талбесік • Кеше

Тарихтағы тың өріс

Руханият • Кеше