Мәулен Әшімбаев мәлімдегендей, жастардың тағы бір басты мәселесі - жұмыссыздық. Жастар арасындағы жұмыссыздықтың ресми деңгейі салыстырмалы түрде төмен, бірақ тәуелсіз ұйымдардың балама зерттеулері басқа мәліметтерді көрсетеді.
«Тәуелсіз ұйымдардың сауалнамаларына сәйкес, 25-29 жас аралығындағы топта респонденттердің шамамен 12 пайызы әлі тұрақты жұмыс істемеген. Жоғары білім туралы дипломы бар қазақстандық жастардың 40 пайыздан астамы мамандығы бойынша жұмыс істемейді. Осыған байланысты жұмыс орындарын құруға және жастар практикасына бағытталатын бюджет қаражатын пайдаланудың тиімділігіне қатысты мәселелер туындайды», деді Мәулен Әшімбаев «Жаңа Қазақстан: жастар және жаңғыру» тақырыбындағы парламенттік тыңдауда.
Сенат Төрағасы сондай-ақ жастар кәсіпкерлігін қолдау жөнінде нақты әрі пәрменді саясат жоқ екенін мәлімдеді.
«Жастар өз бизнесін ашудан бас тартудың себебі 32% - дық бастапқы капиталдың жоқтығы және 18% - дық өзіндік бизнесті құру үшін білімнің жетіспейтіндігі. Осыған байланысты кәсіпкерлікті қолдау бағдарламаларының тиімділігіне қатысты сұрақтар туындайды», деп толықтырды Сенат төрағасы.
Аяна Тоғанбек