Білім • 20 Мамыр, 2022

Әскери қызметтен өткен университет түлектері грантты өтеуден босатылады

40 рет көрсетілді

Әскери борышын өтеп, «Кадет» сыныбын бітірген түлектер университетке грант алу үшін 5% квота бөлінеді. Бұл туралы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Кеше Қорғаныс министрімен бірге мектептерде әскери-патриоттық тәрбие беру, еліміздің әскери жоғары оқу орындарында кадрларды даярлау және әскери қызметтің тартымдылығын арттыру мәселелерін талқыладық. Мемлекет басшысы әскери-патриоттық тәрбие беру жұмысын арттыруды тапсырған болатын. Осы орайда бұл іс-шаралар Президенттің тапсырмасын жүзеге асыруға бағытталып отыр. Еліміздің әскери қауіпсіздігін қамтамасыз ету, отансүйгіштікке тәрбиелеу, жастарды алғашқы әскери даярлықтан өткізу және офицерлер даярлау – ортақ міндет. Ал осы бағытта біздің министрлік өте маңызды рөл атқарады. Осыған байланысты бірқатар ұсынысты қолға алдық», деп жазды министр өзінің Facebook парақшасына.

Оның айтуынша, мерзімді әскери қызметті өткерудің тартымдылығын арттыру үшін әскери борышын өтеген және «Кадет» сыныбын бітірген түлектерге грант алу үшін 5% квота бөлу ұсынылды. Бұл жыл сайын 3 000-нан астам грант.

«Оның үстіне университет түлектері әскери қызметтен өткен жағдайда грантты 3 жыл бойы өтеу мерзімінен босатылады. Қазір мемлекет есебінен оқығандардың барлығына оны өтеу талабы қойылатынын еске сала кетейін. Бұл оқуға түсушілерді ынталандырып, әскери қызметке деген қызығушылықты арттырады деп ойлаймын. Үшіншіден, біз әскери қызметте немесе бітімгершілік және басқа да арнайы операцияларға қатысып, қаза тапқан әскери қызметшілердің балаларына университеттерде оқуға гранттар беру туралы норманы енгізуді ұсынып отырмыз», деп қосты Асхат Аймағамбетов.

Соңғы жаңалықтар

Коронавирус жұқтырғандар көбейді

Коронавирус • Бүгін, 10:29

Газеттер «сөйлеген» күн

Қазақстан • Бүгін, 08:34

Түркияда бақ сынайды

Спорт • Бүгін, 08:33

Әбиба қола алды

Спорт • Бүгін, 08:32

«Уимблдон» додасы басталды

Спорт • Бүгін, 08:30

Байтұрсыновқа арналған байқау

Ахмет Байтұрсынұлы • Бүгін, 08:22

Мемлекетті айыптап отыр

Әлем • Бүгін, 08:17

Сал-серінің соңы

Қазақстан • Кеше

GGG – CANELO: Ер кезегі үшке дейін...

Кәсіпқой бокс • Кеше

Алаш ардақтысын түркі әлемі ұлықтады

Ахмет Байтұрсынұлы • Кеше

Ұқсас жаңалықтар