«Жаңа кодексте су ресурстарын басқаруға, сондай-ақ гидротехникалық құрылыстарды басқаруға және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысты құқықтық қатынастарды жеке нормативтік құқықтық актіге бөлу жоспарлануда», деді Премьер-Министр Әлихан Смайылов.
Оның айтуынша, су қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша ұсыныстар пакеті әзірленді, оған трансшекаралық өзендер бойынша келіссөздер процесінде Қазақстанның ұстанымын күшейту, уәкілетті органның, сондай-ақ оның ведомстволық бағынысты және ғылыми ұйымдарының кадрлық әлеуетін арттыру мәселелері кірді, олар қазіргі уақытта Үкімет пен Президент Әкімшілігінің қарауында.
«Қазіргі уақытта су ресурстарын басқару бойынша жеке мемлекеттік орган құру жоспарда жоқ», деп қосты Премьер-Министр.