Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры (ҚДКБҚ) «Capital Bank Kazakhstan» АҚ салымшыларына кепілдік берілген өтемді төлеу - соңғы күнін қоса алғанда 2022 жылдың 3 шілдесіне дейін жүзеге асырылады деп хабарлайды Egemen.kz

Аталған банктің салымшылары кепілдік берілген депозиттер бойынша өтем сомаларын «Еуразиялық банк» АҚ агент банкінің бөлімшелері арқылы және онлайн түрінде ала алады.
«Онлайн өтінішті Қор төлемдерінің электрондық порталы арқылы жылдам беруге болады. Сондай-ақ мұнда төленуге жататын соманы және өтініштің орындалу барысын қадағалауға мүмкіндік бар. Онлайн өтініш беру үшін салымшының электрондық цифрлық қолтаңбасының өзекті кілті (ЭЦҚ) болуы шарт. Әрі қарай бейне-тексеруден өту қажет. Бұл ретте SMS-кодты алу үшін салымшылар ұялы телефондарын мобильді азаматтар базасына тіркеуі керек. Өтінішті онлайн беру бойынша толық нұсқаулық Қор сайтында қолжетімді», деді ҚДКБҚ төрағасы Әділ Өтембаев.
Атап өту керек, өтінішті онлайн беру банк шоттарының, төлем карточкалары мен салымдардың иелеріне ғана қолжетімді. Сәйкесінше салымшының (сенімхат бойынша) заңды өкілдері, мұрагерлері немесе басқа да құқық иеленушілері тікелей агент банкке жүгінеді. Бұл ретте Қор сайтында орналастырылған тізімге сәйкес растаушы құжаттарды ұсынады.
Кепілдік берілген өтемді төлеу мерзімі (2022 жылдың 3 шілдесі) аяқталған соң, «Capital Bank Kazakhstan» АҚ салымшыларының талап етпеген сомалары олардың Бірыңғай жинатаушы зейнетақы қорында (БЖЗҚ) ашылған жеке зейнетақы шоттарына ерікті зейнетақы жарналары ретінде аударылады. Өтем ақшаны аудару «Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегі банктерiнде орналастырылған депозиттерге мiндеттi кепiлдiк беру туралы» Заңына сәйкес төлем мерзімі аяқталған күннен бастап, күнтізбелік 30 күн ішінде, яғни соңғы күнін қоса алғада 2022 жылдың 2 тамызына дейін жүзеге асырылады.
«Дәлелді себептермен 2022 жылдың 3 шілдесіне дейін өтем алуға өтініш беріп үлгермеген, оның ішінде талап етпеген ақшалары БЖЗҚ-ға аударылған салымшылар жазбаша өтінішті тікелей Қорға беру арқылы өтем сомаларын алуға құқылы. Олардың қолында дәлелді себептерін растайтын құжаттары болуы керек. Дәлелді себептердің тізімі «Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегі банктерiнде орналастырылған депозиттерге мiндеттi кепiлдiк беру туралы» Заңында қарастырылған», деді Әділ Өтембаев.
Толыққанды ақпаратты www.kdif.kz сайтындағы 1460 тегін нөміріне қоңырау шалу арқылы білуге болады. Сонымен қатар сауалдарды [email protected] поштасына жолдауға немесе @kdif_ask Telegram-чатына сұрақ қоюға мүмкіндік бар.
Елорда әуежайында VOLGA DNEPR AIRLINES компаниясының ұшағы тоқтатылды
Оқиға • Бүгін, 13:12
Ауғанстанда тағы жер сілкінісі болды
Әлем • Бүгін, 12:59
Қазақстан 80 мың киікті ататын болды
Қоғам • Бүгін, 12:51
Полиция банкке шабуыл жасаған 2 адамды атып тастады
Әлем • Бүгін, 12:40
Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы заң жобасы мақұлданды
Қазақстан • Бүгін, 12:32
Мамандар итбалықтардың қырылу себебін анықтай алмады
Экология • Бүгін, 12:27
Қаңтар оқиғасы: 9 адам азаптау фактісі бойынша қамауда отыр
Қоғам • Бүгін, 12:19
Өскеменде бухгалтер 4,3 млн теңге жымқырған
Аймақтар • Бүгін, 12:09
Цементсіз үй салған мердігерге айыппұл салынды
Аймақтар • Бүгін, 12:00
Ауа райы • Бүгін, 11:55
Елорда әкімдігінің iKOMEK109 орталығына жаңа басшы тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 11:49
«Ақжайық» резерватында құстардың өлексесі табылды
Қоғам • Бүгін, 11:40
ШҚО тұрғынынан қару-жарақ пен оқ-дәрілер тәркіленді
Аймақтар • Бүгін, 11:32
Елімізде коронавирус жұқтырған 528 адам ем қабылдап жатыр
Коронавирус • Бүгін, 11:27
Өңірлерге үздік педагогтарды тарту бағдарламасына құжат қабылданып жатыр
Білім • Бүгін, 11:15
«Қытай - Қырғызстан - Өзбекстан» теміржолы салынады
Әлем • Бүгін, 11:07
Астаналық полицейлер есірткінің ірі партиясын тәркіледі
Елорда • Бүгін, 10:53
Қазақстанда бір тәулікте 110 адам коронавирус жұқтырды
Коронавирус • Бүгін, 10:48
Үндістанда төрт қабатты үй құлап, 19 адам мерт болды
Әлем • Бүгін, 10:40
Павлодарда жол апатынан бір адам қайтыс болды
Оқиға • Бүгін, 10:33
ТҮРІКСОЙ мен Отандастар қоры ынтымастық жөніндегі меморандумға қол қойды
Қоғам • Бүгін, 10:26
Петропавлда жалған хабарлама таратқан адам сотталды
Қоғам • Бүгін, 10:20
Шымкентте трансформатор өртенді
Оқиға • Бүгін, 10:17
Жыл басынан бері 51,4 мың адамға әлеуметтік төлем төленді
Қоғам • Бүгін, 10:08
Елордада заңсыз орнатылған ойын терминалдары анықталды
Оқиға • Бүгін, 10:02
Головкин «Канеломен» жекпе-жек алдында мәлімдеме жасады
Бокс • Бүгін, 09:50
«GPC Investment» компаниясы мемлекет меншігіне өтеді
Қоғам • Бүгін, 09:42
Елена Рыбакина Уимблдон турнирінің екінші айналымына жолдама алды
Теннис • Бүгін, 09:35
Ашхабадта Каспий маңы мемлекеттері сыртқы істер министрлерінің кеңесі өтті
Қазақстан • Бүгін, 09:23
Еліміздің бірқатар өңірінде аптап ыстық болады
Ауа райы • Бүгін, 09:06
Рухани мұралар дін өкілдеріне таныстырылды
Руханият • Бүгін, 08:34
Әдебиет • Бүгін, 08:33
Қоғам • Бүгін, 08:31
Қаржыны елге қайтару қалай жүргізіледі?
Қазақстан • Бүгін, 08:30
Білім • Бүгін, 08:28
Аймақтар • Бүгін, 08:27
Қоғам • Бүгін, 08:26
Шариғат талаптарына сәйкес алғашқы биржалық нота
Экономика • Бүгін, 08:25
Экономика • Бүгін, 08:24
Гендерлік бюджет құру – өзекті міндет
Экономика • Бүгін, 08:23
Ұқсас жаңалықтар