Әлем • 20 Мамыр, 2022

Солтүстік Кореяда ковидке шалдыққандар саны 2 миллионнан асты

225 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы осы елдің Орталық телеграф агенттігі мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz. 

Солтүстік Кореяда ковидке шалдыққандар саны 2 миллионнан асты

24.kz таратқан мәлімет бойынша тек өткен тәуліктің өзінде дене қызуы шағымымен 260 мыңнан аса азамат медициналық көмекке жүгінген.

Айта кетсек, ақпарат құралдары жергілікті биліктің «безгек» деп отырғаны коронавирус болуы мүмкін дейді.

Жалпы Пхеньян ел аумағында коронавирус тіркелгенін мамырда ғана ресми түрде мәлімдеді.

Бірақ әлгі белгісіз безгек ауруы сәуірдің соңында тарай бастаған болатын. Қазір аталған инфекцияны тежеу мақсатында елдің барлық қаласында локдаун жарияланған.