ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі жайылым жерлерін әділ бөлудің жаңа тетігін әзірлеп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz. Бұл туралы ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Әбілхайыр Тамабек айтты.

«Қазіргі күні осы сұрақтарды шешудің бірнеше жолы қарастырылып жатыр. Негізі бұл жұмыстарды жергілікті атқарушы органдар жүйелі түрде ұйымдастыруы керек. Әр жергілікті жердің өз жүктемесі бар. Елді мекендерде мал басына жайылым жерлері жүктемесінен асқан жағдайда онда сол елді мекендерге шекарасын кеңейтіп, жайылым қосып береміз деп отырмыз. Екінші мәселе – игерілмеген 5 млн гектар жерді қайтару. Соның есебінен елді мекенге жақын жерлерді ескеріп, оларды елді мекен шекарасына қосып, бекітіп береміз. Одан кейін бір ауылда 500, 1000 қой немесе 100 жылқы ұстайтын үйлер кездеседі. Ал кейде бір ауылдың бар малын қосса 500 қой ғана шығады. Яғни, жаңағы бір ғана адам өзінің 500 қойын жайып жайылымды бірден тоздырады. Ол – әділетсіздік. Ондай азаматтарға біз «Ауылдан алысырақ жер берейік, орман қорынан болса да алыңыз, бақташы жалдауға мүмкіндігіңіз бар. Малды сол жаққа жайсаңыз елді мекен маңындағы жайылымды ауылдың адамдары түгел пайдаланар еді», деді ол «Хабар 24» арнасына берген сұхбатында.
Алайда оның атап өтуінше, бұл да мәселенің толық шешімі емес көрінеді.
«Қазір мысалы 3 шақырым радиусқа жетіп отырған жер ертең 5, одан кейін 10 шақырым болады. Ауыспалы жайылым жоқ. Айналдыра малды жая бергеннен жайылым жер тозады. Келесі жылы осы 3 шақырым радиустағы жерде шөп шықпай қалып, тұрғындар тағы 5-10 шақырымды сұрайды. Жайылым туралы заң бар. Ол жерде нақты ауыл әкімдерінің жауапкершілігі көрсетілген. Жайылым схемасын дұрыс ұйымдастыру керек. Ата-бабаларымыздың тәжірибесіндегі көктеу, жайлау, қыстау, күздеу тәжірибелері болуы тиіс. Мұндай ауыспалы жайылымды ауыл әкімдері ұйымдастыру қажет. Ал бақылау жер инспекторларында болу керек. Ауыл әкімі дұрыс ұйымдастырмаса, онда оған ескерту беріп, одан кейін шара қолдану керек, болмаса әкімшілік айыппұл салынуы тиіс. Жалпы ауыл әкімдерінің жауапкершілігі болғанымен де бұл тетік толық жұмыс істемейді. Сондықтан қазір осы бағытта жаңа тетік әзірлеп жатырмыз», деді Әбілхайыр Тамабек.
Аяна Тоғанбек
Алматыдағы құрылыс базарында өрт шықты
Аймақтар • Бүгін, 14:37
Теннисші Дмитрий Попко Испанияда чемпион атанды
Теннис • Бүгін, 14:08
Вакцина салдырған қазақстандықтардың саны нақтыланды
Коронавирус • Бүгін, 13:22
Алматы маңында жер сілкінісі болды
Аймақтар • Бүгін, 12:57
Коронавирус жұқтырудың 188 жағдайы анықталды
Коронавирус • Бүгін, 12:20
Кәсіпкерден 50 млн теңге бопсалаған блогер қамауға алынды
ANTIKOR • Бүгін, 11:10
Елордада ауылшаруашылық жәрмеңкелері өтіп жатыр
Елорда • Бүгін, 09:37
Президент қазақстандықтарды Ұлттық домбыра күнімен құттықтады
Президент • Бүгін, 09:09
Қазақстан • Бүгін, 08:50
51,4 мыңға жуық адам әлеуметтік төлем алды
Қоғам • Кеше
Футболдан Қазақстан чемпионаты: «Ақтөбе» топ жарды
Футбол • Кеше
Елордада екі автобустың бағыты уақытша өзгереді
Елорда • Кеше
Ирандағы жер сілкінісінен бес адам көз жұмды
Әлем • Кеше
Алматыдағы Сайран көлі құрғатылады
Экология • Кеше
Алматыдағы «Алтын-Орда» базары маңында дәмхана өртенді
Аймақтар • Кеше
Бүгін Қазақстан әскери-әуе күштерінің құрылған күні
Қазақстан • Кеше
Мүлік иелері бірлестігіне көшудің механизмі түсіндірілді
Қазақстан • Кеше
Қазақстан-Люксембург дипломатиялық қатынасына 30 жыл толды
Қазақстан • Кеше
Жетісу өңірінен шыққан қос тұлғаға ескерткіш орнатылды
Аймақтар • Кеше
Президент Алматы әкімін қабылдады
Президент • Кеше
Қазақстанның дипломатиялық қызметіне – 30 жыл
Қазақстан • Кеше
«Қазфосфат» кәсіпорында 2 жұмысшы мерт болды
Қоғам • Кеше
Алматы мен Ақтөбеде ауа сапасы нашарлайды
Ауа райы • Кеше
Иранда 6 балдық жер сілкінісі болды
Әлем • Кеше
Өткен тәулікте 187 адам індет жұқтырды
Коронавирус • Кеше
Бүгін ақын Мұхтар Шаханов 80 жасқа толды
Қазақстан • Кеше
Елордада субұрқақтан энтеровирус анықталды
Елорда • 01 Шілде, 2022
Мақтаарал тұрғыны ауласынан адам сүйегін тауып алды
Оқиға • 01 Шілде, 2022
2500-ден астам домбырашы қазақтың танымал күйлерін бір мезетте орындады
Өнер • 01 Шілде, 2022
Өскеменде 4,3 млн теңге жымқырған есепші ұсталды
Оқиға • 01 Шілде, 2022
Отандық кәсіпкерлер кеңесінің отырысы жаңа форматта өтті
Үкімет • 01 Шілде, 2022
Ұқсас жаңалықтар