Әлемде жаңа инфекция пайда болды. Маймылшешек деп аталатын індет бүгінде 12 елде анықталып, қауіпті вирусты 80 адам жұқтырған. Инфекция Еуропаның тоғыз елінде, сондай-ақ АҚШ, Канада және Аустралияда тіркелді. Негізі маймылшешек ауруы Орталық және Батыс Африканың шалғай аудандарында жиі кездеседі. Дей тұрғанмен бұл дерт өркениетті елдерге де таралуда.

Маймылшешек дерті бұрыннан бар. Бұрын ол адам өміріне аса қауіп тудырмайтын, алайда медицина ғалымдары «қазіргі вирустың қалпы өзгеше», деп алаңдап отыр. Оксфорд университетінің Пандемия ғылымдары институтының директоры, профессор Питер Хорби: «Біз мүлдем жаңа жағдайда тұрмыз, бұл вирус бізді таңғалдырып отыр. Тез арада қажетті шара қолданбасақ, өте қауіпті», дейді. Маймылшешекпен ауыратын науқастарды емдеген доктор Хью Адлер де «Бұл біз бұрын көрген маймылшешек емес», деп әріптесінің сөзін растады.
Еуропаның денсаулық сақтау ұйымдары дерттің Ұлыбритания, Испания, Португалия, Германия, Бельгия, Франция, Нидерланд, Италия және Швецияда тіркелгенін мәлімдеді. Ұлыбританияда алғашқы жағдай осы жылдың 7 мамырында тіркелген еді. Ұлыбританияның денсаулық сақтау министрі Саджид Джавид қазірде 20 жағдай анықталғанын хабарлады. Ұлыбритания билігі елді шешек ауруына қарсы вакцинамен қамтып жатыр. Екпе маймылшешек инфекциясының «жоғары деңгейі» бар адамдарға егіле бастаған. Сонымен қатар жергілікті El País газеті Испанияның денсаулық сақтау органдары індетпен күресу үшін мыңдаған екпе сатып алғанын жазды. Ал Виктория денсаулық сақтау департаменті Аустралиядағы алғашқы жағдай Ұлыбританияға барғаннан кейін ауырып қалған ер адамда болғанын мәлімдеді.
Медицина ғалымдары вирустың атына сай тек маймылдардан ғана емес, жабайы жануарлар, кеміргіштерден жұғатынын айтады. Дертке шалдыққан науқастардың терісінде бөртпе пайда болып, сулы көпіршіктерге айналады, кейін қыртыстана бастайды деп сипаттады дәрігерлер. Аурудың басты белгілері дене қызуы, бас ауруы, ісіну, бұлшықет ауыруы және шаршау. Дертпен күресу 14 күннен 21 күнге дейін созылады.
«Маймылшешегіне қарсы арнайы вакцина жоқ, бірақ жалпы шешек ауруына қарсы егілетін екпе дерттен 85% қорғайды, өйткені екі вирус өте ұқсас. Қалай болғанда да бұл ауруды жұқтырудың жаңа жағдайлары тіркеле береді. Өйткені ол жұқпалы», деп мәлімдеді Лондон медицина мектебінің профессоры Джимми Уитворт. Дегенмен ғалым өзге медицина ғалымдарының күдігін сейілтіп отыр. «Бұл дертті COVID-19 індетімен салыстыруға болмайды. Маймылшешек ауруы жаңа вирус емес, бұрыннан белгілі. Біз оның емдеу әдістерін білеміз, шешекке қарсы вакцина бар. Бұл негізінен жеңіл ауру, бірақ ол балалар, жүкті әйелдер мен иммундық жүйесі әлсіз адамдар үшін қауіпті болуы мүмкін», деді Джимми Уитворт. Дегенмен Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Еуропадағы аймақтық директоры Ханс Клюге: «Жазғы маусым қашанда қауіпті. Әсіресе жаппай жиналыс, фестиваль, түрлі кештер кезінде вирусты жұқтыру деңгейі жоғары. Әл бермей кетуі мүмкін», деп ескертеді. Ал Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы тағы да жаңа 50 жағдай тіркелуі мүмкін екенін мәлімдеді.
Маймылшешек дертінің тарихына көз жүгіртер болсақ, вирус алғаш рет маймылдан табылған. 1970 жылдан бері Африканың 10 елінде індет тұрақты тіркеліп келеді. Аса қауіпті дерт қатарына жатпаса да Оңтүстік Африка елдеріндегі өлім көрсеткішінің себебі болып келеді. 2003 жылы АҚШ-та індеттің 81 жағдайы тіркелді. Науқастар елге әкелінген ұсақ сүтқоректілер және иттермен жақын қарым-қатынаста болған кезде жұқтырған. Ал 2017 жылы Нигерия ең қиын індетті бастан өткерді. Бұл елде 172 жағдай тіркеліп, қайтыс болғандардың 75 пайызы 21 мен 40 жас аралығындағы ер адамдар болды.
P.S. Маймылшешек атап өткеніміздей, Еуропа елдерінде анықталып жатыр, әзірге Азия, Орта Азия елдеріне жете қойған жоқ. Дегенмен сарапшылар қазіргі дүние жүзі елдеріне саяхаттайтын адамдардың көп екенін айтып, сақ болуды ескертеді. Өйткені дертке шалдыққан еуропалықтар індеттің нағыз таралған ошағынан емес, жұқтыру қаупі нөлдік көрсеткішке тең жерлерде жұқтырған.
Елімізде коронавирусқа қарсы вакцина алғандар саны 9,5 миллионнан асты
Коронавирус • Бүгін, 11:03
Түркістан облысында екі шетелдік студент суға батып кетті
Оқиға • Бүгін, 10:50
Соғыста қаза тапқан үш қазақстандық жауынгердің сүйегі елге жеткізілді
Аймақтар • Бүгін, 10:35
Коронавирус жұқтырғандар көбейді
Коронавирус • Бүгін, 10:29
Елге 30 тонна қантты заңсыз кіргізбек болған қазақстандық ұсталды
Әлем • Бүгін, 10:23
Елордадағы Президентік клиникада түркиялық дәрігер шеберлік сағатын өткізеді
Медицина • Бүгін, 10:15
Каспий теңізінде үш адам құтқарылды
Аймақтар • Бүгін, 10:08
Дүйсенбіге арналған ауа райы болжамы
Ауа райы • Бүгін, 09:58
Тоқаев осы аптада қандай іс-шараларға қатысады
Президент • Бүгін, 09:50
Өзбекстанда президент өкілеттігі ұзартылады
Әлем • Бүгін, 09:45
ТЖД алматылықтарға үндеу жасады
Қоғам • Бүгін, 09:37
Алматыда мейрамхана өртеніп жатыр
Аймақтар • Бүгін, 09:32
Екі өңірде ауа сапасы нашарлайды
Ауа райы • Бүгін, 09:22
Елордада «Қазақстан Барысы» турнирінің финалы өтеді
Күрес • Бүгін, 09:17
Атырау облысында жол апатынан бес адам қайтыс болды
Аймақтар • Бүгін, 09:04
Қазақстан • Бүгін, 08:34
Спорт • Бүгін, 08:33
Спорт • Бүгін, 08:32
Спорт • Бүгін, 08:30
Түркі әлеміне ортақ оқулықтар әзірленді
Білім • Бүгін, 08:28
Қаржы • Бүгін, 08:26
Құқықтық қатынасты нығайтудың тетіктері
Қазақстан • Бүгін, 08:24
Ахмет Байтұрсынұлы • Бүгін, 08:22
Керамикалық кірпіштің келешегі бар ма?
Экономика • Бүгін, 08:20
Әлем • Бүгін, 08:17
БАҚ жөніндегі заң жобасы талқыланды
Қазақстан • Бүгін, 08:15
Демографиялық және гендерлік саясат: Жаңа мүмкіндіктер жасалады
Қазақстан • Бүгін, 08:10
«Қауіпсіз ел» – қуатты армия кепілі
Қазақстан • Бүгін, 08:07
Заңсыз миграция екі елдің проблемасына айналды
Әлем • Кеше
Еуропалық одақтың құрылымы өзгеруі мүмкін
Әлем • Кеше
Импортты алмастыру қалдықты өңдеуден басталады
Экономика • Кеше
Қазақстан • Кеше
Еңбек биржасындағы түйіндемелердің саны азайды
Қоғам • Кеше
Қоғам • Кеше
Банктер экожүйесінің дамуы көңіл көншіте ме?
Қаржы • Кеше
GGG – CANELO: Ер кезегі үшке дейін...
Кәсіпқой бокс • Кеше
Amanat медиа сыйлығы: Кіл мықтыдан кім мықты анықталды
Қазақстан • Кеше
Алаш ардақтысын түркі әлемі ұлықтады
Ахмет Байтұрсынұлы • Кеше
Ұқсас жаңалықтар