«Міржақып» осыған дейін елордадағы Қ.Қуанышбаев атындағы қазақ драма театрында бір рет қойылған болатын. Спектакльдің қоюшы режиссері, Қазақстанның халық әртісі Ерсайын Төлеубай үш жылдан соң елордалық көрермендерді азаттықтың ақ таңы үшін айқасқан азаматтың сахналық бейнесімен қайта қауыштырды.
«Көзіңді аш, оян қазақ, көтер басты, Өткізбей қараңғыда бекер жасты» немесе «Алыстан Алаш десе, аттанамын. Қазақты қазақ десе, мақтанамын, Болған соң әкем – қазақ, шешем – қазақ, Мен неге қазақтықтан жасқанамын», деп жалынды жырлар жазған Міржақып Дулатовтың ақын, қазақтың тұңғыш романы «Бақытсыз Жамалды» жазған жазушы, көсемсөз шебері және ең негізгісі, Алаш қозғалысының көрнекті қайраткерлерінің бірі екені қазақ баласының қаперінде болғанда, оның сахналық бейнесін жасау театрға қаншалықты жауапкершілік жүктейтіні айтпаса да түсінікті. Трагедияны тамашалау барысында режиссердің біртуар азамат Міржақыпты сахналауында ізденіс бар екені аңғарылды. Ел-жұртының тағдыры үшін басын бәйгеге тіккен, жаны күйзелген, ештеңеге де самарқау қарай алмайтын, біресе ақындық мінезбен алабұртып жыр оқып, біресе үлкен тұлғаның көреген санасымен көсем сөз төгілткен Міржақыптың (Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Қонысбек Бегайдаров) жанды бейнесіне көрермен қол соқты.
Ф.И.Голощекиннің билікке келуі қазақ зиялыларының басына қара бұлт үйіргенін нанымды жеткізген трагедиядағы тағы бір бейне – Ахмет Байтұрсынов (Қабдол-Мәжит Иманов). Мүмкін басты тұлға Байтұрсынов болмаған соң ба, оның бейнесі солғындау шыққан. Ахаңның сахнадағы әріптестерімен қарым-қатынасында біртүрлі кітаби сөздер басым. Қайта тұлғалардың әйелдері Бадрисафа (Гүлмира Уәлиева) мен Ғайнижамал (Ажар Шәкіржанова) бейнелері өз басымызға ұнады. Жалпы, спектакльде басы артық кейіпкер жоқ. ОГПУ-дің қызметкерлерін есептемегенде жеті адам өз рөлдерін шашау шығармай, көрерменді қожыратып алмай ойнап шықты деуге болады. Әсіресе, аты аталмайтын сатқын Жаңғайыптың (Нұрлыбек Кенжеахмет) бейпілауыз жансызының (Ақдәмен Досанова) «Надан болсақ та адамбыз...» деп өмірлік көзқарасын көрсететін тұстары сәтті бейнеленген. Біздіңше, тағы бір сәтті бейне – Голощекин (Берікқан Төкенов). Жаңғайыптың «Құдай жоқ» деп жағымпазданатын сәтінде «Құдай бар. Бірақ, сол Құдайдың көзін жоятын бізбіз», деп жауап қатуы оның сахнадағы бейнесін айшықтап тұрғандай.
Жалпы, «Міржақып» трагедиясы арқылы режиссердің зобалаң жылдардағы Алаш қайраткерлерінің тағдырын, ұлт трагедиясын көрсетуге талпынысын елорда көрермендері жылы қабылдады. Ілияс Омаров атындағы Қостанай облыстық қазақ драма театрының елордадағы гастрольдік сапары өтіп жатқанын осының алдында жазылған мақалада айтқан болатынбыз.
Кеше театр ұжымы көрермендерге «Мәриям-Ілияс» атты драманы ұсынды. Онда көрермен ақын Мәриям Хакімжанованың бейнесімен Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Шаһарбану Есенғұлованың сомдауында жүздесті. Сондай-ақ, белгілі қоғам қайраткері Ілияс Омаров және қазақтың зиялы қыздарының көшін бастаған Алма Оразбаева, Зияш Қалауованың сахналық бейнелерін тамашалады.
Айгүл СЕЙІЛОВА,
«Егемен Қазақстан».
––––––––––––––––
Суретті түсірген
Ерлан ОМАРОВ.

Жетісу облысындағы ұлттық саябақта қар барысы көзге түсті
Қоғам • Бүгін, 13:58
Павлодардағы «Қазавиақұтқару» авиациялық базасы толық жаңартылды
Аймақтар • Бүгін, 13:26
Солнечный кентінде жаңа өрт сөндіру бекеті ашылды
Аймақтар • Бүгін, 12:59
«Таза Қазақстан»: Алматыда 550-ден астам адам сенбілікке шықты
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 12:40
Өскеменде есірткі таратумен айналысқан 30 жастағы ер адам ұсталды
Аймақтар • Бүгін, 12:25
Ашық есік экономикасы: Қазақстанда елге кіру ережелері жеңілдетілді
Қазақстан • Бүгін, 11:58
Маңғыстау облысында 100-ден астам жылқы қырылып қалды
Аймақтар • Бүгін, 11:47
Елена Рыбакина Штутгарттағы турнирде финалға шықты
Спорт • Бүгін, 10:52
Киевте белгісіз біреу атыс шығарды: 6 адам қаза тапты, 14 адам жарақат алды
Әлем • Бүгін, 10:03
19 сәуірге арналған валюта бағамы
Қаржы • Бүгін, 09:35
Синоптиктер ескерту жариялады: Бірқатар облыста үсік жүреді
Ауа райы • Бүгін, 09:19
Тұлға • Кеше
Ауа райы • Кеше
Иран Ормұз бұғазын қайта жапты
Әлем • Кеше