Экономика • 23 Мамыр, 2022

Басты мақсат – қоғам дертінен арылу

720 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Қазынашылық – ел экономикасының дамуына тікелей әсер ететін, мемлекеттік қаржыны тиімді және орнықты басқаруға жауап беретін сала. Бұл қызмет бастапқыда әрбір басқару сала­сындағы кірістер мен шығыстардың ашықтығы мен бақылауын қамтамасыз ету үшін құрылған. Өйткені барлық мемлекеттік органды қажетті ақшалай қаражатпен қамтамасыз ету – маңызды іс. Ол үшін бухгалтерлік есеп, кірістер мен шығыстардың бірыңғай бюджеттік сыныптамасы секілді есеп-қисаптың бәрі қазынашылық нормалар мен стандарттарға сай болуға тиіс.

Басты мақсат – қоғам дертінен арылу

Елордалық Қазынашылық де­партаменті кірістер мен шы­ғыс­тар бойынша бюджетті кас­са­лық ат­қару жұмыстарын іске асыра отырып, бюджет құрал­дарын мақсатты пайдалану үшін ақша ағынының қозғалысын оңтай­ландырады, бюд­жеттік құралдарды үйлестіруді жә­не оларды тиімді пайдалануды қам­тамасыз етеді, бюджеттік заң­на­маны әзірлеуге қатысады және оның орындалуын бақылайды.

Мемлекеттік қазынашылық – мем­­лекеттік бюджет саясаты­ның және бюджет саласындағы ре­формалар кешенінің негізгі бө­лігі. Бұл сала қаржы ресурстарын заңға сәйкес үздіксіз, құзырлы басқаруды қамтамасыз етеді. Сол себепті қазынашылық жүйенің функционалдық қызметі үнемі же­тілдіріліп, қазынашылық технологияларды стандарттау және оңтайландыру шаралары тұрақты жүргізіліп тұрады.

Қазынашылық жүйесі қызме­тінің негізгі мәні – мемлекеттік мекемелердің қашықтан бюджетті атқару және осыған қатысты қан­дай да бір операцияларды өткізу бойынша есептерді жасауында. Бұл қызмет автоматтандырыл­ған режімде жүргізіледі, яғни қа­зы­нашылық жүйені пайдала­ну­­шыдан құжаттарды қабылдау-тап­­сыру, толтыру және бақы­лау мем­лекеттік орган қызметкер­лері­нің қатысуынсыз жүргізіледі. Сонымен қатар қазынашылық қыз­­меткерлері арасында өң­дел­­­ген құжаттарды тарату да авто­­мат­­­тандырылған. Бұл бір жа­ғы­­нан құжаттарды өң­деу про­цесін жеделдетсе, екін­ші жа­ғы­нан жемқорлықты бол­дыр­мауға септігін тигізеді. Сон­дық­тан Қазынашылықтың автоматтан­ды­рылған ақпараттық жүйесі үнемі жетілдіріліп келеді.

«Жемқорлық қоғам өмірінде, әсіресе моралдық-этикалық ахуалға жағымсыз әсер ететіндіктен оны барынша қабылдауға келмейтін жағдайлар тудыру қажет» деген келелі міндеттерді ескере келе, сы­байлас жемқорлыққа қарсы кү­рес басты басымдық ретінде Қа­зы­нашылық департаментінің жұ­мысында ерекше көрініс табу­да. Соның бір дәлелі ретінде мем­лекеттік мекемелердегі қар­жы-
лық құжаттарға адами факторды барынша араластырмауға мүм­кіндік беретін электронды құжа­тай­на­лым – «Қазынашылық-клиент» ақ­параттық жүйесін атап өту­ге бо­лады.

Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Қазынашылық департаментінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жұмыстары жүйелі түрде жүргізіледі. Атап айтқанда, құқық бұзушылықтарды болдырмау мақсатында мемлекеттік қызмет және жемқорлыққа қарсы іс-әрекет туралы заңнамаларды түсіндіру, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу іс-шаралары тақырыбында дәрістер мен семинарлар өткі­зіледі. Аталған іс-шаралар – жалпы атқарылған жұмыстың азғантай бөлігі ғана.

Жыл сайын қазынашылық ор­ган­­дары арқылы қаржылық құ­жат­­тардың орасан зор ағыны, яғни нақтылы ақшалай қаражаттың «көшкіні» өтетіндігін ескерсек, бюд­жеттің нысаналы әрі тиімді қол­данылуын бақылауды басты назарда ұстау, ел қаражатын шашау шығармау қазынашылық қыз­меткерлердің ел экономикасына қосқан сүбелі үлесі деп білеміз.

Елдің дамуы әрбір азамат­тың қажырлы еңбегіне, отансүй­гіш­тігіне көп байланысты. Отаны­ның өркендеуі үшін қазына­шы­ларымыз да барын салып, адал еңбек етіп келеді. Олар – халық мүддесі үшін қызмет ететін, ел болашағын бәрінен биік қоятын білікті де кәсіби мамандар. Әріп­тес­теріміздің Қазақстанның гүл­деніп көркеюі үшін қалтқысыз еңбек етіп, әлі талай шыңдар мен межелерден көрінетіні сөзсіз.

Елордалық Қазынашылық де­партаменті жемқорлықтың алдын алу мен оның көріністерімен күресуге, сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәртіпті күшейтуге және өз қызметінде тәртіпті нығайту жолында әлі талай жұмыс атқара­тынына сенеміз.

 

Бағдат ҚАЛИЖАНОВ,

Қаржы министрлігі Қазынашылық комитеті Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Қазынашылық департаментінің басшысы