Қазынашылық – ел экономикасының дамуына тікелей әсер ететін, мемлекеттік қаржыны тиімді және орнықты басқаруға жауап беретін сала. Бұл қызмет бастапқыда әрбір басқару саласындағы кірістер мен шығыстардың ашықтығы мен бақылауын қамтамасыз ету үшін құрылған. Өйткені барлық мемлекеттік органды қажетті ақшалай қаражатпен қамтамасыз ету – маңызды іс. Ол үшін бухгалтерлік есеп, кірістер мен шығыстардың бірыңғай бюджеттік сыныптамасы секілді есеп-қисаптың бәрі қазынашылық нормалар мен стандарттарға сай болуға тиіс.

Елордалық Қазынашылық департаменті кірістер мен шығыстар бойынша бюджетті кассалық атқару жұмыстарын іске асыра отырып, бюджет құралдарын мақсатты пайдалану үшін ақша ағынының қозғалысын оңтайландырады, бюджеттік құралдарды үйлестіруді және оларды тиімді пайдалануды қамтамасыз етеді, бюджеттік заңнаманы әзірлеуге қатысады және оның орындалуын бақылайды.
Мемлекеттік қазынашылық – мемлекеттік бюджет саясатының және бюджет саласындағы реформалар кешенінің негізгі бөлігі. Бұл сала қаржы ресурстарын заңға сәйкес үздіксіз, құзырлы басқаруды қамтамасыз етеді. Сол себепті қазынашылық жүйенің функционалдық қызметі үнемі жетілдіріліп, қазынашылық технологияларды стандарттау және оңтайландыру шаралары тұрақты жүргізіліп тұрады.
Қазынашылық жүйесі қызметінің негізгі мәні – мемлекеттік мекемелердің қашықтан бюджетті атқару және осыған қатысты қандай да бір операцияларды өткізу бойынша есептерді жасауында. Бұл қызмет автоматтандырылған режімде жүргізіледі, яғни қазынашылық жүйені пайдаланушыдан құжаттарды қабылдау-тапсыру, толтыру және бақылау мемлекеттік орган қызметкерлерінің қатысуынсыз жүргізіледі. Сонымен қатар қазынашылық қызметкерлері арасында өңделген құжаттарды тарату да автоматтандырылған. Бұл бір жағынан құжаттарды өңдеу процесін жеделдетсе, екінші жағынан жемқорлықты болдырмауға септігін тигізеді. Сондықтан Қазынашылықтың автоматтандырылған ақпараттық жүйесі үнемі жетілдіріліп келеді.
«Жемқорлық қоғам өмірінде, әсіресе моралдық-этикалық ахуалға жағымсыз әсер ететіндіктен оны барынша қабылдауға келмейтін жағдайлар тудыру қажет» деген келелі міндеттерді ескере келе, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес басты басымдық ретінде Қазынашылық департаментінің жұмысында ерекше көрініс табуда. Соның бір дәлелі ретінде мемлекеттік мекемелердегі қаржы-
лық құжаттарға адами факторды барынша араластырмауға мүмкіндік беретін электронды құжатайналым – «Қазынашылық-клиент» ақпараттық жүйесін атап өтуге болады.
Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Қазынашылық департаментінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жұмыстары жүйелі түрде жүргізіледі. Атап айтқанда, құқық бұзушылықтарды болдырмау мақсатында мемлекеттік қызмет және жемқорлыққа қарсы іс-әрекет туралы заңнамаларды түсіндіру, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу іс-шаралары тақырыбында дәрістер мен семинарлар өткізіледі. Аталған іс-шаралар – жалпы атқарылған жұмыстың азғантай бөлігі ғана.
Жыл сайын қазынашылық органдары арқылы қаржылық құжаттардың орасан зор ағыны, яғни нақтылы ақшалай қаражаттың «көшкіні» өтетіндігін ескерсек, бюджеттің нысаналы әрі тиімді қолданылуын бақылауды басты назарда ұстау, ел қаражатын шашау шығармау қазынашылық қызметкерлердің ел экономикасына қосқан сүбелі үлесі деп білеміз.
Елдің дамуы әрбір азаматтың қажырлы еңбегіне, отансүйгіштігіне көп байланысты. Отанының өркендеуі үшін қазынашыларымыз да барын салып, адал еңбек етіп келеді. Олар – халық мүддесі үшін қызмет ететін, ел болашағын бәрінен биік қоятын білікті де кәсіби мамандар. Әріптестеріміздің Қазақстанның гүлденіп көркеюі үшін қалтқысыз еңбек етіп, әлі талай шыңдар мен межелерден көрінетіні сөзсіз.
Елордалық Қазынашылық департаменті жемқорлықтың алдын алу мен оның көріністерімен күресуге, сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәртіпті күшейтуге және өз қызметінде тәртіпті нығайту жолында әлі талай жұмыс атқаратынына сенеміз.
Бағдат ҚАЛИЖАНОВ,
Қаржы министрлігі Қазынашылық комитеті Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Қазынашылық департаментінің басшысы
Елімізде коронавирусқа қарсы вакцина алғандар саны 9,5 миллионнан асты
Коронавирус • Бүгін, 11:03
Түркістан облысында екі шетелдік студент суға батып кетті
Оқиға • Бүгін, 10:50
Соғыста қаза тапқан үш қазақстандық жауынгердің сүйегі елге жеткізілді
Аймақтар • Бүгін, 10:35
Коронавирус жұқтырғандар көбейді
Коронавирус • Бүгін, 10:29
Елге 30 тонна қантты заңсыз кіргізбек болған қазақстандық ұсталды
Әлем • Бүгін, 10:23
Елордадағы Президентік клиникада түркиялық дәрігер шеберлік сағатын өткізеді
Медицина • Бүгін, 10:15
Каспий теңізінде үш адам құтқарылды
Аймақтар • Бүгін, 10:08
Дүйсенбіге арналған ауа райы болжамы
Ауа райы • Бүгін, 09:58
Тоқаев осы аптада қандай іс-шараларға қатысады
Президент • Бүгін, 09:50
Өзбекстанда президент өкілеттігі ұзартылады
Әлем • Бүгін, 09:45
ТЖД алматылықтарға үндеу жасады
Қоғам • Бүгін, 09:37
Алматыда мейрамхана өртеніп жатыр
Аймақтар • Бүгін, 09:32
Екі өңірде ауа сапасы нашарлайды
Ауа райы • Бүгін, 09:22
Елордада «Қазақстан Барысы» турнирінің финалы өтеді
Күрес • Бүгін, 09:17
Атырау облысында жол апатынан бес адам қайтыс болды
Аймақтар • Бүгін, 09:04
Қазақстан • Бүгін, 08:34
Спорт • Бүгін, 08:33
Спорт • Бүгін, 08:32
Спорт • Бүгін, 08:30
Түркі әлеміне ортақ оқулықтар әзірленді
Білім • Бүгін, 08:28
Қаржы • Бүгін, 08:26
Құқықтық қатынасты нығайтудың тетіктері
Қазақстан • Бүгін, 08:24
Ахмет Байтұрсынұлы • Бүгін, 08:22
Керамикалық кірпіштің келешегі бар ма?
Экономика • Бүгін, 08:20
Әлем • Бүгін, 08:17
БАҚ жөніндегі заң жобасы талқыланды
Қазақстан • Бүгін, 08:15
Демографиялық және гендерлік саясат: Жаңа мүмкіндіктер жасалады
Қазақстан • Бүгін, 08:10
«Қауіпсіз ел» – қуатты армия кепілі
Қазақстан • Бүгін, 08:07
Заңсыз миграция екі елдің проблемасына айналды
Әлем • Кеше
Еуропалық одақтың құрылымы өзгеруі мүмкін
Әлем • Кеше
Импортты алмастыру қалдықты өңдеуден басталады
Экономика • Кеше
Қазақстан • Кеше
Еңбек биржасындағы түйіндемелердің саны азайды
Қоғам • Кеше
Қоғам • Кеше
Банктер экожүйесінің дамуы көңіл көншіте ме?
Қаржы • Кеше
GGG – CANELO: Ер кезегі үшке дейін...
Кәсіпқой бокс • Кеше
Amanat медиа сыйлығы: Кіл мықтыдан кім мықты анықталды
Қазақстан • Кеше
Алаш ардақтысын түркі әлемі ұлықтады
Ахмет Байтұрсынұлы • Кеше
Ұқсас жаңалықтар